Rosetta миссиясының тарихы (видео)

Rosetta миссиясының тарихы (видео)
Фото: www.esa.int

Англиядағы Гринвич обсерваториясының жанында ашылған Британ музейі қызметкерлері YouTube хостингіндегі арнасында Еуропа ғарыш агенттігінің өткен жылы жүзеге асырған Rosetta миссиясы туралы қысқаметражды анимациялық фильм жариялады. Ағылшындар ғарышты игеру саласында маңызды жетістік болып саналатын жобаның тарихын небары екі минутқа сыйдырған.

Мультфильм Еуропа ғарыш агенттігінің жобасын қарапайым сюжетпен түсіндіруге тырысады. Айта кетсек, Rosetta аппараты Күнге ұшып бара жатқан 67Р/Чурюмова — Герасименко кометасының орбитасына жету үшін он жыл жұмсағаны айтылады. Содан кейін Philae модулі кометаға сәтсіз қонып, Жермен бірнеше айға байланыс үзіліп кеткенін осыған дейін хабарлаған болатынбыз.

Мұндай анимациялық ролик арқылы ғалымдардың көпжылдық еңбегін астрономияға қызықпайтын адамдарға жеткізуге болады. Осылай өмірінде астрономияға қызығушылық танытып көрмеген адамдарды жаңа жобалардың тәуелсіз бақылаушыларына айналдыра аламыз.

Айта кетсек, Philae аппараты Rosetta ғарыш станциясының көмегімен өткен жылдың желтоқсан айында 67Р кометасына қондырылған. Аппарат кометада орнығып, Күннің жылу құрылымын зерттеуі тиіс еді. Ол бүгінге дейін біршама ақпаратты өңдеп, Жерге жеткізе алды. 

Ж. Өрісбай