Медицина саласындағы Нобель лауреаттары белгілі болды

Медицина саласындағы Нобель лауреаттары белгілі болды
Фото: urbo.ua

Уильям Кэмпбелл, Сатоши Омура мен Ту Юю есімді бактериолог ғалымдар физиология және медицина салалары бойынша Нобель сыйлығының 2015 жылғы лауреаттары атанды. Табысты сыйлық молярия сынды паразитті ауруларды емдеудің жаңа әдістері үшін берілді. Бұл туралы Стокгольм қаласындағы Каролин медициналық институтында өтіп жатқан іс-шарада Нобель комитеті мәлімдеді.

Нобель сыйлығының лауреаттары 10 желтоқсан күні Стокгольм қаласында ресми түрде марапатталады. Айта кетсек, белгілі өнертапқыш әрі кәсіпкер Альфред Нобель (1833-1896) 10 желтоқсан күні өмірден озған. Сондықтан марапаттау жоспары сол күнге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын адам миының жасуша биологиясын зерттеген Джон О'Киф, Мей Бритт Мозер және Эдвард Мозер есімді ғалымдар иемденген.

Биыл Нобель сыйлығының қаржы көрсеткіші 8 миллион швед кронын (953 мың АҚШ доллары) құрап отыр.

Ж. Өрісбай