Жер Күннен қанша алыста жатыр? (видео)

Жер Күннен қанша алыста жатыр? (видео)
Фото: скриншот

Астрономияға қызығушылық танытқан адам баласы бұл сұраққа еш ойланбай жауап бере алады. Әрине, Жер мен Күннің арақашықтығы 149,6 миллион шақырым екендігі ертеректе-ақ белгілі болған. Дегенмен қашықтықты көзбен елестету көптің қолынан келе бермейді. Осыған көз жеткізу үшін америкалық Уильям Оверстрит пен Алекс Горош Күн жүйесінің айналу ауқымын шынайы көзбен көру мүмкіндігін жасауға тырысты.

Бұл жігіттер астрономияға қызығушылық танытып жүргендеріне көп болған. Расында адамдар ғарышқа қатысты нақты сандық көрсеткіштерді білгенімен, олардың қай шамада үлкен екенін көздеріне елестете алмайды. Сол үшін Алекс пен Уильям Блэк Рок (Қара Жартас) шөлінде Күн жүйесінің масштабты моделін жасауға бел буған.

Еріктілер аталған шөлдегі диаметрі 11 шақырым тегіс жерді тауып, 36 сағатта Күн жүйесінің моделін жасаған. Ол үшін жарық көзі, камера, арнайы өлшеу құрылғылары, астрономиялық білім және сенім мен тағат жұмсаған.

Ж. Өрісбай