Күн жүйесінің егізі табылды

Күн жүйесінің егізі табылды

Ғалымдар Күн жүйесіне қатты ұқсайтын планеталар жүйесін тапты. Бұл туралы RedOrbit хабарлады.

Бұл жаңалықты Корнелл университетінің (Cornell University) Массачусетс технологиялық институтының (MIT) астроном ғалымдары ашты. NASA телескопы арқылы зерттеушілер жерден 10 мың жарық жылы қашықтықта орналасқан Кеплер-30 (Kepler-30) жұлдызына тап болған екен. 

Бір қызығы, вертикаль ось бойымен айналып тұрған жұлдыздың айналасында бір жазықтықтың бойында үш планетаның орбитасы орналасқан. Үш планетаның да көлемі жерден үлкен. Оның екеуі Юпитерден де ірі болып шықты. Бұл жүйенің ерекшелігі де осыда болып тұр. Тура Күн жүйесіндегі планеталар секілді бір жазықтықта айналып жүрген планетарлық жүйелер бұған дейін ғалымдардың көзіне шалынбаған болатын.

Бұған дейін зерттеліп келген экзопланеталардың барлығының орбиталары қисық орналасқан еді. Осы тұрғыда Кеплер-30 (Kepler-30) жүйесі әзірге ең идел болып тұр.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: redorbit.com(Кеплер-30 жүйесі)