Бүгін халықаралық шахмат күні

Бүгін халықаралық шахмат күні

1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады. Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. Оның тарихына үңілсек, мереке ойда жоқта пайда болған екен. Әлемдік шахмат федерациясы қалай да шахматты спорт деңгейіне көтеру үшін ойынға тиесілі күнді белгілеген көрінеді.

Ойынның аты парсы тілінен аударғанда «шах мат» - «билеуші өлді» деген мағынаны білдіреді. Бұл танымал ойынның отаны – Үндістан. Шахматтың прототипі чатуранга деген үндістандықтар ойнайтын ойын болған. Кезінде құмар ойындарға жатқызып аластатылған шахмат ойынының бұл күнде ғалымдар адам миының қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы көп екенін дәлелдеген. Бұл ұлы ойынды жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен.

Бұл күні шахматшылар жиналып, түрлі мерекелер өткізеді. Нағыз ойынды көрсетіп, бір-бірімен бақ сынасады. Жеңімпаздар анықталып, марапатталады. Шахмат ойнау арқылы адамдар бір-брімен танысып, ой бөліседі. Біріне-бірі білмегенін үйретіп, білгенін көрсетеді. Бұл нағыз мереке! Сондықтан құрметті оқырман, бүгін шахматшы жақындарыңызды құттықтауды ұмытпаңыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: sunhome.ru, segodnya.ua, uupi.ru

А. Әбілхан