Хакерлер деген кімдер?

Хакерлер деген кімдер?
Көптеген сайттар хакерлік шабуылдарға ұшырап, бір не бірнеше күн бойы арнайы мамандар сайтты жөндемейінше, оқырмандарына қызмет көрсете алмай қалып жатады. Хакерлер тобы қайдан, қалай пайда болды? Біз бүгін осы сұрақтарға жауап іздейміз. 
Біздің түсінігімізде хакерлер интернет сайттардағы мағлұматтарды ұрлап, кілт сөздерді бұзады, құпия деректерді ұрлайды. Көбіне олардың әрекеттері заңсыз болып келеді.
"Хакер" сөзі бүгінде кім-кімге де жақсы әсер қалдырмайды. Дегенмен, басында хакерлерді халық мұнша нашар қабылдамайтын-ды. Өйткені, хакерлер арам пиғылмен құрылмаған топ-етін.
"Хакер" сөзі АҚШ-тың атақты Массачусетс технологиялық университетінде 1960 жылдары пайда болды. Университетте пойыз үлгілерін ұнататын топ бар еді. Олар уақыттарын көңілді өткізуге тырысып, сол кездегі ғажайып техника - компьютерлерді төңіректеуді жандары сүйетін. Оларға әсіресе арнайы тұлғалар ғана қолданатын IBM 704 ұнап, студенттер сол компьютерге қол жеткізу үшін түнде ғана кездесетінді шығарды. "Нack" сөзі қитұрқылықты білдіргендіктен, бұл әрекеттердің қатысушыларын жалпақ жұрт "хакерлер" деп атап кетті.

Билл Гейтс компьютерге қатты қызығып, соның ұсақ-түйегін шұқылап жүріп, кейде сабаққа қатыспаған екен. Дәл осы компьютерге деген қызығушылық "хакерлер" тобының пайда болуына әкелді.

Дегенмен, барлық адамның бірдей ойламайтыны секілді, барлық хакерлердің ойлары арам деуге болмайды. "Қалай хакер болуға болады?" мақаласының авторы Е. Реймондтың айтуынша, "Нағыз хакер - өзіне тән ерекшелігі, білімі, қабілеті бар тұлға. Нағыз хакерлер бағдарламалар мен жүйелерді бұзбайды, керісінше, оларды ойлап тауып, жасап шығарады. Хакер кез келген бағдарламаның жілігін шағып, майын ішіп қана қоймай, өз бағдарламасына иелік етеді".

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: wallpaperlinux.com, funkyspacemonkey.com

М. Оңғарова