Неміс азаматының туған күніне Facebook-тегі 300 «досы» қонаққа келген

Неміс азаматының туған күніне Facebook-тегі 300 «досы» қонаққа келген

Германиялық Виндеке қаласының тұрғыны әлеуметтік желі - Facebook арқылы туған күнін тойлауға достарын шақырады. Алайда шақырылған 10 қонақтың орнына 300 адамның келуі ол үшін үлкен "тосын сый" болды.

Туған күнге 300 адамның келуінің себебі мынада екен: туған күн иесі қонақтарды шақырып жатқанда, "шектеулі топқа" деген батырманы басуды ұмытып кетіпті. Алайда, келген 300 адамның туған күн иесіне қандай да бір сыйлық тарту еткендігі жайлы ешқандай мәлімет жоқ. 

Соншама адамды күтпеген жас жігіттің есі кетіп, шақырылмаған қонақтарды қайтару үшін полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. 

Айта кетсек, әлеуметтік желіде жария болған ақпарат қолданушылардың өздеріне күтпеген жағдай тудырған жалғыз ғана жайт емес. Нақтырақ айтар болсақ, мысалы, мамыр айында Австралия елінде екі бұзақы Facebook парақшаларының бірінен ірі көлемдегі ақшаның суретін көргеннен кейін дәл сол үйді тонауға бет алған екен. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: niber.net

Ж. FM