Ғаламтор жылдамдығы спутниктердің әсерінен артады

Ғаламтор жылдамдығы спутниктердің әсерінен артады
Фото: www.forbes.com

OneWeb спутниктік интернет-провайдерінің атқарушы директоры Грег Уайлер компаниясының 500 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестицияға ие болғанын хабарлады. OneWeb инженерлері Arianespace және Virgin Galactic компанияларымен біріге ғарышқа 60 жасанды спутник ұшыратын болады. Сондай-ақ, жобаға Airbus, Hughes Network Systems, Intelsat, Qualcomm, Virgin Group және Coca-Cola компаниялары қаржы салып отыр.

Бас директор Уайлердің айтуынша, негізгі салым ғарыштағы спутниктің ғаламтор жылдамдығының қолжетімді болу мүмкіндігін беретін технологиялық жүйені дамытуға бағытталмақ. Келісімге орай, 21 спутникті Arianespace, ал қалған 31-ін Virgin Galactic жүзеге асырады. Ал Ричард Брэнсонмен (Virgin Galactic ғарыштық компаниясының негізін салушы) болған келісім алдағы уақытта жалғасын табуы ықтимал.

Hughes Network Systems интернет провайдері жобадағы өзінің атқаратын рөлі туралы ақпарат берді. Айта кетсек, америкалық компания OneWeb спутниктерінің ғарыштағы орбита бойымен айналу жүйесін құрастыратын болады. 

Ж. Өрісбай