Күзде өмір есігін ашқандар 100 жасайды...

Күзде өмір есігін ашқандар 100 жасайды...
Қыркүйек пен қараша айында дүниеге келсеңіз, онда сіздің 100 жасауға мүмкіндігіңіз бар. Сенбей отырған боларсыз, онда Леонид пен Наталия Гавриловтардан сұрап көрелік.

Чикаго университетінің аталған екі ғалымы Сан-Францискода өткен Американдық демографиялық қоғамның жыл сайынғы съезінде осы бір тақырыптың аясындағы зерттеулердің нәтижесін қуаттай түсті. 

Ұсынған жобада қыркүйек, қазан және қараша айларында дүниеге келгендердің ұзақ өмір сүру феноменін түсіндіретін бірнеше гипотеза ұсынылған. Және күзде дүниеге келген нәрестеде маусымдық, бірінші кезекте жазғы жұқпалы ауруларды жұқтыру тәуекелі барынша аз болатын боп шықты. Себебі, бұл аурулар әдетте адам денсаулығына ұзақ уақыт бойы теріс ықпал етеді... Оның үстіне күзде туылған бала қыс бойына жақсы тамақтанып, көктем келе өз бетімен жүріп-тұрып кете барады. Ал жазда туылған балаларға дәрумен жетіспей, сүйегі бекіп болмаған денелер біршама қиындықтарға ұшырайды.  

Одан бұрын Чикаго университетінің ғалымдары да зерттеу барысында күзде туылған адамдардың ұзақ өмір сүретінін анықтаған-ды. Америкада 1880-1895 жылдары өмір сүрген адамдардың өмірлеріне байланысты деректерді топтастырып, нәтижесінде қараша мен желтоқсан айларында туылғандардың көбісі жүз жасаған болып шыққан.  

Дайындаған: Фараби Бақыт 

сурет:news.passion.ru

 

Л. Лига