Қамаудағылар халыққа қызмет көрсетуде

Қамаудағылар халыққа қызмет көрсетуде

Бразилия өкіметі бұл жолы да қамаудағы қылмыскерлердің санын азайту мақсатында  темір тордың арғы бетіндегілерге өтеу мерзімдерін қысқартуға тағы бір мүмкіндік жасады. 

 

Santa Rita do Sapucai деп аталатын Бразилия қаласында қамаудағылар велотренажерлер арқылы қала қолданысына электрэнергиясын өндіреді екен. Нақтырақ айтар болсақ, өндірілген электрэнергия қала көшелерін жарықтандыруға жұмсалады-мыс. Сонымен қатар бас бостандығынан айырылған азаматтар тек бір ғана игі іс жасап қана қоймай, педаль тебулерінің арқасында өздерінің өтеу мерзімдерін қысқартуға тамаша мүмкіндік те алады-мыс. 

Түрме қызметкерлерінің айтуынша, тұтқындар тезірек бостандыққа шығу үшін тіпті күні-түні педаль тебуге дайын екен және "түрме тұрғындары" велотренажерлерді тебуге таласып жататын көрінеді. 

Өткен жолы Бразилия қылмыскерлерінің жылына 12 кітап оқыса бостандыққа шығатыны жайлы жазған болатынбыз. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: bugaga.ru

Ж. FM