Линза көздің микрофлорасын өзгертіп жібереді

Линза көздің микрофлорасын өзгертіп жібереді
Фото: urga.hlopot.net

Контактты линзаны қолдану көздің сыртындағы бактерия қабатының қысқаруына алып келеді. Соңғы зерттеулердің нәтижесі дәлелдегендей, линза тағатын адамның оны қажет етпейтіндерге қарағанда көзіндегі бактерия қабаты үш есе кішірейіп кетеді екен. Сонымен қатар, көздің бактериялық құрамының өзгеруі де анықталды.

«Контактты линзалар көздің табиғи қалпының сақталуына кепілдік бермейді. Оны тіпті нейтралды акті де растамаған. Сондықтан көздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бактерия қабатының әлсіреуіне жол бермеуіміз керек», - дейді Нью-Йорк қаласындағы Лангон медициналық зерттеу орталығының микробиологы, жоба авторы Мария Глория Домингес-Белло.

Бұл линза тағатын адамның көздерінің неліктен инфекция жұқтыруға бейім екендігін дәлелдейді. Ғалымдардың айтуынша, контактты линзалар көздің иммунды жүйесін әлсіретіп жібереді. Көру мүмкіндігін арттырамыз деп, көзіміздің қорғаныш қабатын тәуекелге қоймауымыз керек.  

Бүгінде әлемнің миллиондаған тұрғыны контактты линзаны пайдаланады. Қарапайым адам көзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бактериялардың құрамы өзгергенін тіптен байқамайды. Сондықтан ғалымдар көзге қатер төнген кезде міндетті түрде дәрігерге көрініп, кешенді емдеуден өту қажет екендігін айтады.

Америкалық ғалымдар толығымен қауіпсіз күйде болатын контактты линзаларды жасауды бастап жіберді. Ал әзірге контактты линзаны күнделікті ауыстырып, таза ұстауға кеңес беруде. Сонымен қатар, бір линзаны бір аптаға дейін тағу қауіпті екенін ескертеді.

Одан бөлек, уақтылы офтальмологтарға барып көзді тексертіп тұрған жөн. Ал линза көзге қолайсыздық тудырып жатса, дәрігерден кеңес алу керек.

Ж. Өрісбай