Адамдар жол ережесімен жүреді, ал малдар...

Адамдар жол ережесімен жүреді, ал малдар...

Алматы қаласының мәдениет басқармасы мен жарнама агенттіктері бірігіп, қалада қалыптасқан жолдардағы жағдайды шешпек.

Алматы қаласы еліміздің түкпірлерінен келген адамдардың мінездерінің қақтығысының мекені. Мәселе көлік жолдарында жақсы байқалады. Жол тығындары, бітпейтін жол жөндеулер жүргізушілер қауымының жүйкелерін жұқартып бітті. Осыған өз үлесін қосатын жаяу жүргіншілер де бар. Жол жүру ережелерімен тыйым салынған жерлерден, көрінген жерден, жолдың ортасынан, бағдаршамның қызыл түсіне де жүре беретін жүргіншілер енді ұялмаса болмас.

Осы мәселені шешу мақсатында мәдениет басқармасы қоғамдық жарнама шығармақ. Мәдениет басқармасының арнайы жобалар координаторы Екатерина Грибановская "Бұл жағдайды шешу үшін жарнама саласындағы мамандардың көмегіне жүгінбек болдық. Солардың көмегімен жарқын, мағыналы, қызықты, креативті қоғамдық жарнама шығаруға бел будық"-дейді.

Адамдарды сұрау, бұйрықпен де жол ережесін сақтауға көндіру мүмкін емес екеніне көздері жеткен жарнама мамандары осындай өткір сөздер мен әзілді қолдануды жөн көрді. Бұл сөздер адамдардың намысына тиіп, санасында сақталып қалуы тиіс деп сенеді олар.

Осындай жарнамалы баннерлер Алматыда шілдеде пайда болады деп жоспарлануда.

Мәдениет басқармасының қызметкерлерінің айтуынша, шара 2013 жылдың мамырына дейін жалғаспақ. Барлығы 10 тақырыпты қамтитын жарнамаларды еліміздегі 7 жетекші жарнама агенттігі ойлап тапқан. 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А