Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (6-бөлім)

Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (6-бөлім)

1 - бөлім

2 - бөлім

3 - бөлім

4 - бөлім

5 - бөлім

Қорек көзі

Әлбетте сандық фотоаппараттар «ЗЕНИТ» атаға қарағанда электр көзінен қоректі талап етеді. Ол үшін әртүрлі қорек көздері қолданылады.
Арзан бағадағы сандық фотоаппараттар «АА» түріндегі батареямен жұмыс істейді. Қалтаға қармақ салмайтындай көрінгенімен, сандық фотоаппарат бұрынғы фотоаппаратқа қарағанда әлдеқайда көп жейді. Және бүгін қалтаңызды үптеп, ақыры әмияныңызды тазалап кетуі мүмкін. Ал егер сәл қымбаттырағын қарасаңыз, жөнді аппараттарда аккумуляторлар қолданады. Соңғы уақытта тек Li-ion (литий-ионды) элементі қолданылады. Қазбаламай айтарымыз, бұл аккумулятор түрлері кез келген сәтте зарядтау жүргізе алады, себебі мұнда толық зарядтауды тостыратын «жад эффекті» болмайды. Дегенмен аккумуляторды соңына дейін толтырған абзал!

Аккумуляторды қолданған ыңғайлы, өйткені дүкендегі батарейкаға жиі «жорық жасау» қажет емес. Әйткенмен, өте ұзақ зарядтау оны пайдалануға жарамсыз күйге түсіруі мүмкін. Сонымен қатар, аккумуляторыңызды алмастыру қажет болған жағдайда сіз бағасына таң қаласыз. Әсіресе, көзіңізге бренділік аппарат  оттай басылса. Тағы бір мәселе, аккумулятор ескірген сайын сыйымдылығы, сәйкесінше аппарат жұмысының уақыты қысқара түседі.
Егер өзіңізше қамданып екіншісін алып қойсаңыз, аккумулятордан бұрын аппарат істен шықса, оны қайда сатарыңызды да ойлай жүріңіз.

Бірақ бәрібір де мен аккумуляторымен алғанды мақұл көремін.

Жалғасы мына жерде

Дайындаған: Данияр Сәкенов

Сурет: thewallpapers.org