Кембридж ғалымдары Жерге ұқсас екі ғаламшарды ашты

Кембридж ғалымдары Жерге ұқсас екі ғаламшарды ашты

Ғалымдар Күн жүйесіне ең жақын Альфа Центавр В жүйесіндегі жұлдыз бойымен айналатын Жердің екі бірдей аналогын анықтады. Салыстырмалы тұрғыдан жаңа табылған ғаламшарлардың бетінде тіршілік көзі жоқ деп танылған. Себебі ғаламшар бетіндегі орташа температура Цельсий бойынша 1500 градусты көрсетеді. Дегенмен, ғалымдар бұл жүйенің жерге ұқсас ғаламдарға толы екенін болжап отыр. Зерттеу жұмыстары New Scientist ғылыми журналында жарияланды.

Alpha Centauri Bb атауына ие болған алғашқы ғаламшар 2012 жылы анықталған болатын. Дегенмен, астрономдар оның жұлдыз бойымен айналатын ғаламшар екеніне сене қоймаған еді. Сондықтан Кембридж Университетінің зерттеуші тобы нақты дәлел іздеуді мақсат еткен.

"Егер ғалымдармен Alpha Centauri Bb ғаламшарының бар болу мүмкіндігіне қатысты сөз қозғасаңыз, олардың барлығы әртүрлі ой білдіреді", — дейді Кембридж Университетінің ғалымы Брайс-Оливье Демори.

Бастапқыда Alpha Centauri B жұлдызының кішкене қозғалысын бақылау арқылы ара қашықтықтарының өлшемдері салыстырылған. Ал соңғы зерттеу нәтижелері экзоғаламшарларды анықтау әдісінің көмегімен белгісіз екі ғаламшардың Alpha Centauri B жұлдызының айналу дискінде екендігі дәлелденген.

"2013 жылы аталған Alpha Centauri B жүйесінде табиғи Күннің тұтылуы орын алған. Ол біз ойлағаннан да көпке созылды. Ал 2014 жылы экзоғаламшарлар туралы ақпарат беретін сигнал мүлдем жоғалып кетті. Дегенмен бұл Жер аналогтарының жоқ екендігін білдірмейді. Тек оны Жерден бақылау өте күрделі үдеріс", - дейді ғалымдардың бірі.

2013 жылы көрші галактикада тағы бір Жердің аналогы бар екендігі анықталған. Жаңа экзоғаламшардың бір жылы 20,4 күнге тең. Бұл жаңа ашылған ғаламшарлардың Күн бойымен өте жылдам айналатынын білдіреді. 

Сурет: www.infoastro.com

Ұқсас жазбалар:

Ғалымдар галактикамыздағы ең жылдам жұлдызды анықтады

Еуропадағы ең алғашқы ғарыш айлағы Ұлыбританияда құрылады

2003 жылы жоғалып кеткен ғарыш аппараты Марстан табылды

2015 жылғы ғарышты зерттеуге бағытталған жобалар

Ж. Өрісбай