Президенттер сарайы немесе Ақ үй

Президенттер сарайы немесе Ақ үй

Тарихы әріде жатқан Ақ үйдің осы бір атқа ие болу себебін білесіз бе? Оған қоса әр уақытта ақ түсті болып келмегенін, кейінірек ғана осылай аталып кетуін ше?!

Әр уақытта Америка президентінің резиденциясы болған ескі федералды ғимараттың алғаш іргетасы 1792 жылы 13 қазанда салынған. Ал ғимараттың сол кездегі үлгісін архитекторлар арасындағы жобаны ұтып алған тегі ирландық Джеймс Хобан ұсынған. 

Алғашқы уақытта Президент үйі, Президент жекежайы, Президент сарайы болып аталып келген...1812 жылы сұр тастан салынған ғимаратты британдық әскерлер басып, өртеп жібермегенде осы бір атауды алмас та еді?! Ол да мүмкін, сол бір өрттен соң ғимараттан тек қабырғалар қалған-ды. Кейінірек, 1817 жылы  Хобанның басшылығымен бастапқы қалпына қайта келтірілді. Қабырғалардағы өрттің қалдырған таңбаларын кетіру мақсатында ақ түспен сырлап шықты. Содан сөйтіп 1902 жылы Теадор Рузвельт осы атауды заңдастырып бекітпегенше "Ақ үй" деп ел ішінде ішінара айтылып кете берді...

Бір қызығы сол, Ақ үйдегі бөлмелердің  түстері әр түрлі болып келеді. Сопақша келген көк бөлме - президент пен оның зайыбының қонақтарды қабылдау бөлмесі. Ал қызыл бөлме неше түрлі жиһаздармен безендірілген. Сонымен қатар жасыл бөлмеде президент Джон Адамс пен Томас Джефферсонның кезінен қалған жәдігерліктер мен тұтынған бұйымдар тұрады. Оның үстінгі қабатында алқызыл түсті бөлмеде президент пен оның отбасы өмір сүреді.

Сурет: gamer.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига