Нобель сыйлығы мен Шнобель сыйлығын қатар иеленген жалғыз адам

Нобель сыйлығы мен Шнобель сыйлығын қатар иеленген жалғыз адам

Сіз білесіз бе, әлемде Нобель сыйлығы мен Шнобель сыйлығын иеленген жалғыз адам бар. Ол адам - Андрей Гейм. 1958 жылы Сочи қаласында дүниеге келген тегі нидерландық ғалым-зерттеуші. Аталған ғылым адамы 2000 жылы Шнобель сыйлығын алды. Құрбақаның әрекетшілдігіне магниттің қатысын зерттеп несі бар дейсіз ғой?! Сонда да "атың шықпаса жер өрте"-дегендей бір сыйлықтың иесі болып шыға келді. Иә, тағы бір айта кетерлігі Майкл Берри есімді азаматтың осы зерттеуге қатысы бар. Ендеше, екеуі де алған.

Біз білетіндей, Шнобель сыйлығы - кәдімгі Нобель сыйлығының пародиясы. Бұл сыйлықты ғылымдағы мағынасыз зерттеулерді жасап жүрген ғалымдарға береді. Әрине, бірінші орында күлдірері анық, бірақ содан соң ойландырып тастары сөзсіз. 

Ұмытпай тұрғанда айта кетейік, Андрей Гейм Нобель сыйлығын 2010 жылы графеннің технологиясын зерттегені үшін иеленген-ді.

Сурет:otdih.nakubani.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

 

Л. Лига