Америкалық науқас темір қолдарын сезе алады

Америкалық науқас темір қолдарын сезе алады

Лес Боу есімді Колорадо тұрғыны өзінің ойлау күші арқылы екі бірдей жасанды мүшесін басқара алатын алғашқы науқас атанды.

Соңғы екі жыл бойы Джон-Хопкинс атындағы Қолданбалы Физика Университетінің дәрігер-ғалымдары жасанды протездің санамен басқару мүмкіндігі үстінде еңбектеніп келген. Нәтижесі көзіне жас алған америкалықтың ауырын жеңілдетті. Боу денесіне орнатылған жасанды қолдарын басқаруды он күнде үйреніп алыпты.

Лес Боу осыдан қырық жыл бұрын екі бірдей қолынан айырылып қалған болатын. Дәрігерлер арнайы Лес үшін екі темір қолды біріктіріп, бірегей электронды басқару жүйесін жасады. Аталған жүйе жүйке импульсына әсер етіп, қолдардың санамен басқаруына жағдай жасайды. Жоба жүзеге асқанға дейін Боу Virtual Integration Environment виртуалды бағдарламасы арқылы темір бұлшықеттерге сигнал беруді үйренген.

Ғалымдар алдын ала Лес бұлшықеттерінің анатомиялық құрылымын зерттеп, ыңғайлы аналог жасай алған. Университет зерттеушілерінің бірі Майкл Маклафлиннің айтуы бойынша, бұл жобаның бастамасы ғана. Алдағы уақытта Университет ғалымдары осы салада көптеген нәтижеге жетуді мақсат етіпті.

Сурет: naked-science.ru

Ж. Өрісбай