Адамдар оң мен солды неге шатастырады?

Адамдар оң мен солды неге шатастырады?
Фото: spmag.ru

Оң мен солды әркім өмірінде бір рет болса да шатастырып көрген шығыр. Бір қызығы оң мен солды өте жиі шатастыратын адамдар көп екен.

Бұл қызық дерек осыдан отыз жыл бұрын жүргізілген бір топ ғалымдардың зерттеуінен соң белгілі болыпты. 1978 жылы зерттеуші топ ешқандай неврологиялық ауытқуы жоқ 364 студентті тексерістен өткізіп, олардың кеңістіктегі ориентациясын анықтауға тырысқан. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, оң мен солды жиі шатастыру әйел азаматтардың арасында кең етек жайғандығы белгілі болған.

Ғылымда бұның барлығы ми летеризациясымен, яғни ми қызметінің ауытқуымен байланыстырылады. Басқаша айтсақ, ми қызметінің осындай ерекшелігінің әсерінен солақайлық, оң мен солды шатастыру секілді құбылыстар орын алып жатады.

Мәселен, кейбір адамда кеңістік арқылы ойлау жүйесі дамымаған. Көркем тілмен айтсақ былай болады. Кейбір жандар айнадағы бейненің шын қалпын анықтау үшін бейнені ойша кері бұра алмайды. Міне, тап сондай адамдар оң мен солды жиі шатастырады екен.

Сонымен қатар, ми ассиметриясы туралы теория да бар. 2009 жылы британ ғалымдарының жүргізген зерттеуі нәтижесінде, ми жартышарының ассиметриясы бар (дыбыстарды естуі бір құлаққа қарай ығысқан) адамдар да оң мен солды жиі шатастыратыны анықталды.