Талапкер назарына:"Туризм" мамандығы

Талапкер назарына:"Туризм" мамандығы

Қазіргі заманның жетекші мамандығы қатарына кіретін туризм мамандығының еліміз үшін алатын орны ерекше. Соңғы жылдары жұмыс пен демалысты бірге алып жүретін азаматтардың көптігіне байланысты туризм саласында түрлі бағдарлама жасалған. Сол себептен елімізде де бұл саланың даму деңгейі өте жоғары.

Туризм дегеніміз не?

Туризм дегеніміз – адамның арнайы бір уақыт аралығында жан сергітіп демалыс қабылдауы. Демалыс кезінде демалушы түрлі елдерге саяхаттай отырып, танымдық қабілетін арттыра, мәдениет пен өнер қызығына батады. Туризм тек шетелдерде ғана жүзеге аспайды, сонымен қоса елдегі табиғаты керемет немесе демалыс орындарында болады. Ал туризм маманы болса, осы кісілердің ойдағыдай демалуын қарастырып, уақытын барынша қызықты өткізуіне қолайлы жағдай тудырады. Бұл мамандық саяхат, шетелге шығу, мәдениетпен танысу секілді ықпалдармен жұмыс жасайды. Туризм мамандығы бір сөзбен айтқанда бизнеспен айналысудың бір түрі. Осы маман иелері жұмыс жасай отырып параллельді түрде демалып та үлгереді.

Оқу мерзімі:

  • Күндізгі оқу түрі – 4жыл
  • Қысқартылған оқу түрі (колледжден кейін) – 3 жыл
  • Қысқартылған оқу түрі (ЖОО-дан кейін) – 2 жыл

Оқу барысы:

Студент білім алу кезінде туризмдік мекемелер негізін, менеджмент және маркетинг, туризмдегі бухгалтерлік есептеудің негізін, туризм инфрақұрылымын, туристік аймақтану әдістемесін, аймақтану, геоэкология жұмыстары мен туризмдегі геоақпараттық технологиясын оқып шығатын болады.

Мамандық бойынша қызметтік нысаны:

-  туризм саласына қатысты мемлекетті басқару ұйымдары (министрліктер, әкімшілік, аудандық құрылымдар);
-  туризм кәсібімен айналысатын мемлекеттік және жеке меншік компаниялар;
- турим бойынша кеңес беру компаниясы;
- маркетингтік туризм бойынша кәсіпорындар;
- туризмдік инфрақұрылым нысаны;
- туризм мамандығын дайындайтын білім беру орындары,
- туризмді дамыту мәселесімен айналысатын ғылыми-зерттеу ұйымдары;
- туризм қызметін сыртқа және ішкі нарыққа жандандыратын жарнама агенттіктері;
- төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік ұйымдар.
 
Оқытатын білім  ордалары:

Ұлттық университеттер:

  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
  • әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

Мемлекеттік  ЖОО-лар:

  • М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және байланыс академиясы;
  • Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университеті;
  • Алматы технологиялық университеті;
  • М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті;
  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
  • М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті;
  • Қазақ гуманитарлық-заң университеті;
  • А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті;
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;
  • Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті;
  • Халықаралық білім беру корпорациясы;
  • Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті;
  • Абылай атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университеті;
  • Х. Досмұхамед атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
  • М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;
  • Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті;
  • М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті;
  • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті;
  • С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

 

Оқи отырыңыз: 

Талапкер назарына: "Филология" мамандығы туралы

Талапкер назарына: "Екі шет тілі" қандай мамандық?

Талапкер назарына: Инженер деген қандай мамандық?

Талапкер назарына: "Халықаралық қатынастар" мамандығы туралы

Талапкер назарына: "Менеджмент" мамандығы

Талапкер назарына: Химия пәніне қатысты мамандықтар

Талапкер назарына: "Биотехнология мамандығы" туралы

Талапкер назарына: "Экономика" мамандығы

Талапкер назарына: "Заңгер" мамандығы туралы

Талапкер назарына: "Жалпы медицина" мамандығы

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: vk.com

Н. Нұрмаханұлы