Балу, Лео, Шерхан. Үш жыртқыштың бейбіт өмірі

Балу, Лео, Шерхан. Үш жыртқыштың бейбіт өмірі

Таң қаларлық құбылыс, жануарларды құтқару орталығы "Нух кемесі" торлы орындарының бірінде аю, арыстан және жолбарыс бейбіт өмір кешуде. Балу, Лео, Шерхан атты үш досты сол торға бұдан 8 сегіз жыл бұрын қоныстандырған еді. Сол кезде аталған аң патшаларын қылмыс әлемінде билік пен күш символы ретінде ұстаған есірткі сатушылардан алған болатын, кейін олар Локаст Гроув қаласындағы "Нух кемесі" атты жануарларды құтқару орталығына жіберілді. 

Аталған жануарлардың сол кезде туылғандарына 8 ай да толмаған еді, алайда үш дос бір-біріне үйреніп қалғандықтан, жануарларды құтқару орталығы басқармасы оларды бір вольерге (торлы орын) қоныстандыруды ұйғарды. Содан бері жабайы табиғатта ешқашан бір территорияда өмір сүре алмайтын аң патшалары бірге тамақтанып, ұйықтап, ойнауда. 

Бұрын олар сырт көзден аулақ торлы орында өмір сүретін, бірақ бүгінде Балу, Лео, Шерхан өсіп, жетілгеннен соң, оларды орталықтың қонақтары бақылай алатын басқа вольерге ауыстырды. 

Берілген бейнебаяннан сіздер Балу, Лео және Шерханның бейбіт өмірінен үзінді көре аласыздар:

Сурет: maximvarnakov.com

Ж. FM