Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Билеу әдебі

Билеу әдебі

Сіз би кешіне немесе жастар көп жиналатын көңілді отырыстарға барғанды ұнатасыз. Бірақ қызды биге қалай шақыруды немесе жігіт сізді биге шақыра қалған жағдайда, өзіңізді қалай ұстауды білмей, абдырап қала бересіз бе? Төмендегі кеңестер сізді мұндай ыңғайсыз жағдайлардан оп-оңай алып шығады деген сенімдеміз.

Биге шақыру

Бірге билегіңіз келген бойжеткенді басынан аяғына дейін қарап шықпай, байқатпай таңдаған жөн. Алыста тұрып, қайсыбір белгі беріп, биге шақыруға әсте болмайды. Өзін-өзі құрметтейтін, әдептілік ережесімен таныс бикештің бас изеуге немесе көз қысуға ешқашанда келіспейтіні және шақыруды қабыл алмайтыны айқын.

Биге шақырғанда жігіт өзін жинақы ұстап, бойжеткенге жақын келеді де, сәл ғана бас иіп, оны биге шақыруға рұқсат сұрайды. Мұны тек бас иіп, үндемей де істеуге болады.

Ұсынысты қабылдау

Бойжеткен өзінің келіскенін жылы көзқараспен білдіреді. Мүсіркеген сыңаймен өркөкіректік немесе менсінбегендік түр көрсету кез келген жігіттің намысына тиеді, мұндайды тәрбиесі нашар қыз ғана істеуі мүмкін. Ең дұрысы – биден жайбарақат және қарапайым түрмен бас тарту. Биге шақырғанда ерекше қуаныш та білдірмеу керек. Сабырмен тұрып, өзін лайықты ұстаған жөн.

Егер бойжеткен бұл биді бірге билеуге басқа біреуге уәде етіп қойған болса, ол өзін биге шақырушыға ілтипатпен алғыс айтып: "Рақмет, бұл биді басқамен билеуге уәде етіп қойғанмын" немесе "Өкінішке орай, бұл биге уәде беріп те қойып едім" - дейді. Барша жұрт кіре беретін ашық кештерде танымайтын адамға себебін айтып жатпай-ақ, биден бас тартуға болады. Дегенмен бұлай істемегеніңіз жақсы.

Билеуден бас тартқанын естігеннен кейін жігіт ашуланбай, басын иеді де, кетіп қалады. Егер ол осы бикешпен міндетті түрде билегісі келсе, екінші рет шақырады. Екі рет бас тартылғаннан кейін, ол қайтып шақырудың жөні жоқ екенін түсінуі тиіс. Сонымен қатар, қыздар қауымына ерекше себебі болмаса, екі рет бас тартуға болмайды. Бас тартқан жауап алған еркектің өзінен бас тартқан бикештің жанында отырған қызды немесе әйелді биге шақырмағаны жөн. 

Би алаңында билеушілер көп болса, аяқты байқап басу керек. Би кезінде денені әдепті ұстау керек. Билеуге жігіт басшылық етеді.

Би кезінде танысыңызды көрсеңіз, онымен жай бас изеп амандасыңыз. Бірден әңгімелесіп кету әдепсіздік болады.

Вальс билеген кезде...

Егер қыздың көйлегінің арқасы ашық болса, жігіт өз бикешінің бүйірінен ұстауға тиіс. Қолды ашық арқаға салуға болмайды. Жігіт өз серігінің көйлегін көтеріп, қисайтып жібермеуін және мыжғыламауын үнемі қадағалап жүруі керек. Сондай-ақ қолдың терлеп кетпеуін қадағалуы қажет. Үнсіз билеуге де болады, дегенмен де серігіне құрмет сезімін білдіріп, онымен азын-аулақ сөйлескен сыпайырақ көрінеді. Ескі ережелер бойынша, әңгімені әуелі жігіт бастайтын. Қазіргі кезде бұған аса мән берілмейді.

Әдемі билеу үшін барлық сәнді билерді бүге-шігесіне дейін білу міндет емес. Негізгі қимылдарын біліп алып, өзіңізді әдепті ұстай білсеңіз жеткілікті. Емін-еркін биленген биде қарапайым қимылдың өзі тартымды көрінеді. 

 

Суреттер: russims.ru, liveinternet.ru

7187 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 31 мамыр 2012, 12:55
Пікірлер
+0
31 мамыр 2012, 12:16

вальс билеген кезде әңгімелескенді құптай бермеймін ))

+0
31 мамыр 2012, 12:36

Маған билеп жүргенде таныстарымен жаңадан көргендей бет алды сөйлесіп кететіндер ұнамайды!)))))

+0
31 мамыр 2012, 16:09

Соңғы вальс...

+0
31 мамыр 2012, 23:08

қарындас, сізді биге шақырсам бола ма ;) ;)

+0
31 мамыр 2012, 23:08

болмай ма

+0
01 маусым 2012, 15:35

Би билегенді жақсы көремін, әсіресе вальс билегендей.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жасанды тіс-имплантат
Жасанды тіс-имплантат

Оқып,көңіліңізбен бөлісе отырыңыз!

Тыйым салынған махаббат
Тыйым салынған махаббат

Кино-сериалдағы махаббат өмірде бар ма екен деген сұраққа жауап

Бақытты едім...
Бақытты едім...

Бұл жазып отырғаным дұрыс па, бұрыс па білмеймін...

Автор: Misha Serikov
МЕН КӨЗБІН
МЕН КӨЗБІН

Жансыз көзге жан бітірдім


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...