Әлемдегі ең қысқа соғыс 38 минутқа созылды

Әлемдегі ең қысқа соғыс 38 минутқа созылды

Екі елдің арасында пайда болатын түсініспеушілік кей сәттерде өршіп, ұрыс-дауларға, тіпті соғысқа алып келуі мүмкін. Бүгін осындай түсініспеушіліктің соғысқа айналып кеткені жайлы бір оқиғаны баяндаймыз. Дүниежүзінде уақыты бойынша ең қысқа соғыс бар болғаны 38 минутқа созылған екен. Бір сағатқа жетер-жетпес ұрыс Англия мен Занзибар сұлтанаты (1964 жылдан бастап, Занзибар Біріккен Танзания Республикасының құрамында) арасында 1896 жылы 27 тамыз күні болған екен.

Ұрыстың басты себебі болып Занзибардың жаңа патшасы Халид ибн Баргаштың Ұлыбритания елімен әлдебір келісім-шарты жалғастырудан бас тартып, Германиямен тығыз қарым-қатынас орнатуы болды. Бұндай шарт ағылшындықтарды қанағаттандырмағандықтан, олар занзибарлықтарға ультиматум қойған болатын. Үльтиматум бойынша, 27 тамыз күні сағат 9.00-де Занзибар сұлтанаты ағылшындықтардан жеңілгенін мойындауы тиіс еді. Бірақ, ағылшындықтардың ойлары жүзеге аспай, оларға қарсы тұрды. Занзибар патшасы жинаған қолдың саны бар-жоғы 2800 әскерді құрайтын. Ал флоттарындағы кемелерінде бір-ақ қару-жарақ болатын.

Бұндайда жеңілмеу мүмкін емес. Ағылшындықтар сұлтанатқа ойсырата соққы жасап, жауларын тізе бүктірген. Бұл қанды шайқаста 570 адам бақилық болды. Қайтыс болған адамдардың барлығы Занзибар сұлтанатының әскері еді. Ұрыстың басталуынан ағылшындықтардың жеңіске жеткеніне дейін бар-жоғы 38 минут уақыт өткен.

Бұл қанды дерек Гиннес рекордтар кітабында әлемдегі ең қысқа соғыс ретінде тіркелген.

Сурет:nevozmozhnogo.net