Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Фотоаппаратты ойлап тапқан - француз

Фотоаппаратты ойлап тапқан - француз

Фотоаппаратты ойлап тапқан - француз

  Фотоаппарат құрылғысы Жозеф Нисефор Ньепстің атымен тікелей байланысты. Француз өнертапқышы 1765 жылдың 7 наурызында Шелон-сюр-Сон қаласында дүниеге келген. Ньепстің ата-анасы өте құрметті адамдар еді. Жозефтың әкесі Людовик XV патшаның  кеңесшісі қызметін атқарса, шешесі белгілі  құқық қорғаушының қызы болатын. Жозеф әскерге барып келгеннен кейін туған ағасы Клод екеуі    бірігіп, зерттеу жұмыстарына кіріседі. Ағайындылар алдымен іштен жану қозғалтқышын құру арқылы танылады. Бірақ, бұл    жетістік оларға аздау көрінгендіктен, олар зерттеу жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. Ағайындылар 1816 жылдан бастап, фото жасау  өнерін зерттей бастайды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде аянбай тер төккен Жозеф пен Клод Ньепстер нәтижесінде 1822 жылы «Жайылған  дастарқан» атты көріністі суретке түсіреді. Бұл адамзат тарихындағы ең алғашқы фотосурет.

 Әкелерінен мұраға қалған ақшаның барлығын зерттеу жұмыстарына жұмсағанымен,  ағайынды Ньепстер ешқандай табыс көрмеді. 1833    жылы  ауыр сырқатқа шалдыққан Жозеф Ньепс 68 жасында қайтыс болады.

 

"Жайылған дастарқан" әлемдегі алғашқы фотосурет

 

Фотопленка адамзатқа бір ғасырдай  қызмет етті

Сандық фотоқұрылғылар пленкалы фотоаппараттардың орнын басқандықтан, қазіргі таңда пленканы магазин сөрелерінен таба алмайсыз. Фотопленканы жады құрылғылары ауыстырғанымен, фото түсіру өнерінде пленканың алатын орны ерекше. Жоғарыда айтылған дүниенің көмегімен адамзат бір ғасырға жуық фото түсіру өнерімен айналысқан.

Пленкалы фотоаппаратты ойлап тапқан өнертапқыштың есімі – Джордж Истмен. Джордж 1854 жылдың 12 шілдесінде  АҚШ-тың Уотервилль қаласында дүниеге келген. Джордж пленкалы фотоқұрылғыға патентті 1883 жылы алса, 1888 жылы толыққанды «Кодак» маркалы фотоаппаратты халық назарына ұсынады. Төртбұрышты құрылғыны сатып алу үшін қарапайым халық 25 доллар ақша төлеген. Бірақ, сатып алушы пленканың бір орамасымен 100-ге жуық сурет жасай алатын. Сатылым көрсеткіштерін жоғарлату мақсатында Джордж жарнамалық ұранды өзі жазады. Ұран мәтініде «Сізге түйме басу ғана қалды, қалғаны біздің шаруа» деген сөздер кездеседі. Осылайша, пленкалы фотоаппарат адамзатқа жүз жылдай қызмет атқарған. Ал Джордж Истмен болса, 1932 жылы 77 жас шамасында өз-өзіне қол жұмсап өмірден озған. 

Суреттер clubs.ya.ru сайтынан алынған

9012 3
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 27 желтоқсан 2011, 09:00
Пікірлер
+0
27 желтоқсан 2011, 11:45

Білетін болдық!

+0
28 желтоқсан 2011, 09:23

"Бір жоқ бір жоқты табады" дегендей, екі жанның қалай ойлап тапқанын білмейтін едім. Мақала атворына үлкен рахмет! Бұл күнде серігімізге айналған фотоаппаратты сол кезде қалай дәл ойлап тапқан? Бізге қажетті болатынын білді ме екен?!

+0
28 желтоқсан 2011, 12:20

Қазіргі фотоаппаратты кім ойлап тапты екен сол жағын білгім келеді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...