Шешімін таппаған жұмбақ жағдайлар

Шешімін таппаған жұмбақ жағдайлар

Біздің әлемімізде шешімін таба алмай, сол күйі жұмбақ қалпында кеткен оқиғалар жиі кездеседі. Тылсымға толы жұмбақ жағдайлардың жауабы әлі күнге белгісіз болып отыр. Назарларыңызға шешімін таппаған төрт жұмбақ жағдайды ұсынамыз:

1. Альберт Эйнштейннің соңғы сөзі

Принстондық ауруханада жатқан Альберт Эйнштейн өлер алдында өзінің соңғы сөзін айтады. Оны аңдаусызда кезекші дәрігер естіп қалған.  Өкінішке орай Эйнштейн ақырғы сөзін ана тілінде, яғни, неміс тілінде айтқандықтан, дәрігер түк түсіне алмаған. Осылайша ұлы ғалымның соңғы сөзі жұмбақ күйінде қалып қойды.

2. «Кішкентай ханым»

1944 жылы қалалық Хартфорд циркінің өртенген орнынан қатты күйіп қалған белгісіз қыздың мүрдесі табылды. Қыздың суретін жасап, барлық елдің газеттерінде жариялап, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Алайда бірнеше жылға созылған іздестіру нәтижесі сәтсіз аяқталды. Кішкентай қыздың кім екені, қайда туғаны жұмбақ күйінде қалды. Қыздың құлпытасына мәйітханадағы «1565» нөмірі және «Кішкентай ханым» деп жазылған.

3. Ана тілін ұмытқан адам

61 жастағы америкалық Майкл Боутрайт қонақүйлердің бірінен ес-түссіз жатқан кезінде табылды. Ауруханада есін жиған кезінде ол тек қана швед тілінде сөйлеген және есімін Джон Эк деп таныстырған. Ол ана тілін ғана ұмытып қоймай, тіпті өзінің бет-әлпетін де танымаған. Боутрайттың ұмытшақтық ауруын есептемегенде, барлық жері сау. Оның не жағдайға тап болғанын әлі күнге дейін ешкім білмейді.

4. Боулинг-клубтағы белгісіз екеу

1990 жылы Нью-Мексико штатының Лас-Крусес боулинг-клубында түсініксіз жағдай орын алды. Екі ер адам көп адамды өлтіріп, қырғын салған. Екеуі кеңсені баса-көктеп кіріп, бес мың доллардай ақша ұрлаған, сосын клубты өртеп, жоқ боп кеткен. Оларды әлі күнге дейін таба алар емес. Бұл жағдайдың расында болған-болмағаны, әлде куәгерлердің ақшаны өздері ұрлап алып, ойлап тапқаны, немесе мүлде басқалай жағдай болғаны бүгінгі таңға дейін белгісіз болып отыр. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: mixstuff.ru

Ш. Талап