Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Кілт сөзін жүрек соғысы алмастырады

Кілт сөзін жүрек соғысы алмастырады

Кілт сөзін жүрек соғысы алмастырады

Естеріңізде болса, кілт-сөздері жайлы айтып кеткен болатынбыз. Ақпараттар мен жеке мәліметтеріңізге басқа біреу қол сұқпас үшін сенімді әрі берік кілт сөз таңдалуы қажет. Алайда жақын арада кілт сөздері де қолданыстан шығатын сияқты...

Қазір бәріміз компьютерімізге, мобильді құрылғыларымызға теріп отыратын кілт сөздердің орнын болашақта жүрек соғысы мен ми импульстары баспақ, - деп хабарлайды Вести.Ru агенттігі.

Бұндай кілт-сөздерді ұрлап алу, ұмытып қалу мүмкін емес. Ми импульстары мен жүрек соғысының әсерінен пайда болған шифр саусақ іздері мен көз торын және бет суретін алмастыра алады.

Белгілі бір суреттерге қарап, адам миының қандай әсер беретінін Мысырдағы Британия университетінің профессоры Кен Реветт пен Нью-Мексико зияткерлікті зерттеу  орталығының маманы Нэвин Кота зерттеп жүр. Олардың әріптесі Ұлыбританияның Вулверхэмптон университетінің профессоры Рамасвами Паланиапан да бұл мәселені түбегейлі зерттеу үстінде.

Олар ашқан жаңалық мынау. Егер адамға туысқанының суретін көрсетсе, миының тудырған электр импульстарын кілт сөзі ретінде пайдалануға болады. Бұндай технологияның үлкен бір кемшілігі бар. Бұны жүзеге асыру үшін әлі де адамның басына түрлі сым-электродтарды жалғау керек болады.

Шифрлаудың жүрек нұсқасын Кембридж университетінің маманы Джон Ирвин ашқан болатын. Оның байқауынша, тамыр соғысының "суреті" жүректің жылдам соққанына тәуелсіз. Қытайлық ғалымдардың пайымдауынша, әр адамның жүрек соғысы ритмі әрқалай.

Сурет: wordpress.com

5526 4
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 26 сәуір 2012, 11:01
Пікірлер
+0
26 сәуір 2012, 11:11

Бұл бір қауіпті нәрсе сияқты :shock: :shock:

+0
26 сәуір 2012, 12:36

неге????

+0
26 сәуір 2012, 17:15

қауіпті нәрсе жоқ сияқты, қайта кілт сөздерін жақсы алмастыра алатын түрі бар сияқты

+0
26 сәуір 2012, 20:10

маған жақсы болды, мен кілт сөзімді ұмыта беремін

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...