Жан-жануарлар әлеміндегі "бала асырап алу" ғаламаты

Жан-жануарлар әлеміндегі "бала асырап алу" ғаламаты

Жануарлар әлемі – әлі де толық ашылмаған жұмбақ. Осыған дейін адамдарды ажалдан құтқарған жануарлар туралы айтып өткен едік. Бүгін жануарлар асырап алған өзге жануарлар туралы айтамыз.

Қазақта "Ит пен мысықтай" деген сөз бар. Оның мәні – бастары бірікпеу ұғымына саяды. Дегенмен, әлемде итті асырап алған мысық туралы оқиғалар өте көп. 

Және керісінше, иттің мысықты асырап алуы да жиі кездеседі. 

Мына сурет артық сөзді қажет етпейтін секілді...

Мысық тұрмақ, жеті қазынаның бірі саналатын ит ұялас қоянды бауырына басқан. 

Кенгурудің анасын көлік қағып кеткен. Төрт айлық мына кенгуру да ит болмағанда тірі қалмас па еді, кім білсін?!

Уганданың ұлттық саябағында арыстан бөкенді қуып жетіп, жеп қойған. Бірақ ол жетім қалған бөкеннің "баласын" асырап, қамқорлығына алған. 

Хироко атты мысықтың үш марғауы өліп қалған соң, мысық бар аналық махаббатын мына үйректің балапанына төккен. 

Англиядағы саябақтардың бірінде Анна атты шимпанзе күшік асырап алған. 

Линтон саябағында абданды (арыстанның күшігі) саябақ директорының мысығы бауырына басқан.  

Маймылды қанатының астына алған мына құс туралы мыңдаған аңыз бар деседі.  


Мұның бәріне бір қарағанда сену қиын. Ал мына суреттегі ит пен қозыға қарап, еріксіз таңдай қағуға болады. 

Тауыс кездейсоқ жұмыртқасын шатастырып алып, нәтижесінде жұмыртқадан мамыр (қаздың балапаны) шыққан. Дегенмен тауыс оны жатсынбай, бауырына басқан.

Байқап тұрсақ, адамға жақын ит, мысық, маймыл өзге жануарды жиі қамқорлығына алады екен. Дегенмен жабайы аңдардың арасында қаншама мейірім жатқанын жабайы табиғаттан алыста өмір сүріп жүргендіктен, көп біле бермейміз.

Ғалымдар болса, бұл құбылысты аналық түйсікпен түсіндіреді. Уақытында балалы бола алмаған жануар көбіне өзге жануарларды бауырына басып, мәпелейді екен...  

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: roundrocktexas.gov, 8lap.ru, kolobok23.ru, 

librarystorytimeabcs.blogspot.com 

М. Оңғарова