Медуза ұша алатын болды

Медуза ұша алатын болды

Америкалық инженерлер тұңғыш рет ұшатын кішігірім құлтемір ойлап тапты. Құлтемірдің басты ерекшелігі – ол медузаның іс-қимылдарын жасайды. Оны жасаушылардың айтуынша, негізгі жұмыстары адамға пайдалы. Яғни, олар – керемет іздеушілер.

Жаңа құлтемірдің қанаттары көз ілеспей қимылдауы керек болатын. Бірақ оның бұндай қимыл жасауы әзірге қиын болып тұр.

Сондықтан зерттеушілер оның жаңаша ұшуын ойлап тапты. Яғни, ұшу қалыпты жағдайда жүрмейді. Құлтемірдің ені – сегіз сантиметр, салмағы екі грамм. Құрылғы ауада тұрып бағытын да өзгерте алады.   

Дайындаған: Гүлжан Серік

Сурет: hi-news.ru 

М. Оңғарова