Ит өз иесінің болашағын болжай алады

Ит өз иесінің болашағын болжай алады

Олар бізді өте жақсы түсінеді.

Біздің сүйікті иттеріміз қараған кезде,  не ойлап тұрғандығымызды білетіндей болып көрінеді. Олардың осындай түсінушілік, адамның әрекетін болжай алатындық қасиеттері "Ит – адамның досы" деген аталы сөзді дәлелдей түседі. 

Ал оған ғалымдардың зерттеу жұмыстары қосылған тіптен нанымдырақ бола түспек. Қалай дейсіз бе? Таяуда Ұлыбританиядағы Абертай Университетінің зерттеушілері иттердің қожайынын түсіне білетін қабілеті үйретуден, оқытудан пайда болмайды, бұл туа біткен құндылық деген тұжырым жасады. Бұл селекция мен генетикалық іріктеудің нәтижесі болғандықтан, уақыт өткен сайын дами түседі екен.

Зерттеушілер иттің дайындық және үйрену деңгейінің ешқандай артықшылық әкелмейтіндігіне көз жеткізген. Себебі, үйретілмеген иттер де адамның интонациясы мен қалауын түсінетін көрінеді. Бастысы – ит адам беретін дабылдармен таныс болу керек.

Ит нақты бір адаммен жақынырақ танысқан сайын оны ерекше бақылауға ала бастайды. Бұл дегенің олар адамның әрекетін түсінеді және алдын ала болжай алады деген сөз. Бәрі де жақын таныстыққа байланысты болып отыр.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: byaki.net