Жер астында өсетін гүл

Жер астында өсетін гүл

Ризантелла Гарднера – жер астын мекендейтін әлемдегеі бірегей гүл. Ол тропикалық (орхидеялар қатарына) өсімдіктер тобына жатады.

Ең алғаш рет 1928 жылы Батыс Аустралия жерінен табылған. Қарапайым фермер серуендеп жүріп, жер астынан шығып жатқан хош иісті байқап қалады. Әлем ғалымдары жаңа табысқа таңырқап, ұзақ уақыт бойы зерттеу жүргізді.

Ақ түсті өсімдік етті діңгектен тұрады және өсе келе өте ұсақ 150-ге жуық гүл ашады. Биіктігі – 3-8 сантиметр аралығында. Жапырақтары да ақшыл, иісі формалинді еске салады.

Ризантелла Гарднера бүкіл ғұмырын жер астында өткізеді екен.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: facepla.net, otvet.mail.ru