Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Бүгін халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Бүгін халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Бүгін халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Осыдан 51 жыл бұрынғы көктемнің керемет күнінде, яғни 1961 жылдың 12 сәуірінде таңғы сағат 9-дан 7 минут өткенде Кеңес Одағы қазақ жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан әуе кеңістігіне «Восток» кемесін аттандырды. Ол кемеде әлем тарихындағы орбитаны бойлай ұшқан тұңғыш ғарышкер, аға лейтенант Юрий Алексеевич Гагарин болған еді. Жерден мыңдаған шақырым алыс ұшқан оның сапары дәл сол кезең үшін рекордтық көрсеткіш болды. Сапар 1 сағат 48 минутқа (108 минут) созылды. «Восток» кемесі 302 км биіктікте Жерді бір айналып шықты да, сағат 10-нан 55 минут өткенде, Саратов облысындағы Смеловка ауылына жақын маңға қонды. Осы аңызға айналған сапары үшін ғарышкер Кеңес Одағы Батыры атағын алды. Оның ерлігі бүкіл адамзат баласының сан мыңдаған жылдар бойғы арман-тілегін жүзеге асырды. Осы оқиғадан кейін ғылыми-техникалық революцияға ерекше серпін беріліп, спутниктік телевидение, интернет, ауа-райын бақылау, бағдарлау секілді заманауи өмірдің игіліктеріне жол ашылды.

Осы сағаттан бастап, 12 сәуір Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысымен мемлекеттік мереке - ғарышкерлер күні болып белгіленді.
1968 жылы қарашада өткен Жалпы Халықаралық авиация федерациясының 61-конференциясының қаулысына сәйкес, дәл осы күнді Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні ретінде атап өту туралы шешім шығарылды.

Бәрі қалай басталды?

1955 жылдың 12 ақпанында КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі ақылдаса келе, континенталды балистикалық зымыранды сынақтан өткізуге бел буды. "Байқоңыр" ғарыш айлағын Қазақстанда тұрғызу туралы шешім қабылдады. 1957 жылдан бері "Байқоңыр" әлемдегі тұңғыш және көлемді айлақ болып келеді.
1957 жылдың 4 қазанында Ресей мемлекеті орбитаға алғашқы жасанды жер серігін ұшырды (Спутник-1). Ол орбитада 1957 жылдың 4 қазаны мен 1958 жылдың 4 қаңтары аралығында, яғни 92 күн болды. Осы аралықта Жерді 1400 рет айналып шығуға үлгерді. Әрбір айналымға 100 минуттай уақыт кетті. Осыдан кейін жер серігі Жер атмосферасында жанып кетті.


Ғарышқа ұшқан ең алғашқы тіршілік иесі - Лайка атты ит еді. Ит 1957 жылдың 3 қарашасында Мәскеу уақытымен таңғы алты жарымда Кеңес Одағының "Спутник-2" атты кемесімен ғарышқа аттандырылды. Лайканың жасы - 2-де, салмағы - 6 келі болған. Сол кездегі басылымдар оның орбитада бір апта болып, қалыпты түрде тамағын ішіп, ұйықтап, үргенін жазған болатын. Ал шын мәнінде Лайка ұшырылған соң, 5-6 сағаттан соң өліп қалған. Кабинадағы температура біртіндеп көтеріліп, ақырында Лайканың денесі қызып, өртеніп кетті.

Мұнан кейін, 1960 жылдың 20 тамызында Белка және Стрелка атты иттер ұшты. Бұл екеуі ғарыштан жер бетіне аман-есен оралған ең алғашқы тіршілік иелері болып есептеледі. Олар жер бетіне оралған соң, аттары аңызға айналып, сапардан ешқандай жамандық көрмей, баяғыша өмір сүре берді. Тіпті бірнеше айдан кейін Стрелка дүниеге алты дені сау күшіктерді алып келді.

Осы бір сәтті сапардан кейін мамандарда нық сенім пайда болып, адамзат баласы ғарышты бағындыруға дайындыққа кірісіп кетті.

Сурет: pravmir.ru

31233 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 12 сәуір 2012, 16:43
Пікірлер
+0
12 сәуір 2012, 17:05

Ұшқыштар болса арамызда, мейрамдарыңмен құттықтаймын )

+0
12 сәуір 2012, 18:44

Ғарышкерлер күнімен құттықтайымын!

+0
12 сәуір 2012, 22:13

ұмытылмай, есте сақталатын мейрамдардың бірегейі....

+0
13 сәуір 2012, 08:46

Мерекелеріңізбен ғарышкерлер :D Ғарышкерлер оқыса иә осыны :D

+0
13 сәуір 2012, 10:43

Белка мен Стрелка бал айын ғарышта өткізген екен ғо :lol:

+0
13 сәуір 2012, 15:47

ұшқыштар көкке ұшар алдында «Белое солнце пустыни» киносын көруді дәстүрге айналдырған...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...