Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Теледидардың адам денсаулығына зияны

Теледидардың адам денсаулығына зияны

Теледидардың адам денсаулығына зияны

Экранға жақын отыру бізге  зиян емес деп ойлаймыз. Шындығында теледидардан келер қауіп-қатер жеткілікті. Оны біз бағамдай бермейміз. Бір есептен бағдарламаларға қатты беріліп кетуден шығар. Сонда да адам үшін ең бастысы денсаулық. Осыны ескерген дұрыс болар.

1960 жылдардың соңына дейін шығарылған сәулелік-катодты трубкалар аз мөлшерде болса да, ультракүлгін сәуле шығаратын болған. Сондықтан сол кездерде көпшілік көрермендерге экраннан 2 метр алыс отыру керектігі жиі айтылатын.

Нәтижесінде үлкен қатердің астында балалар қалған. Олардың көздері алыс-жақын аралыққа бірден бейімделеді емес пе?! Және олар үлкендерге қарағанда экраннан көз алмай күні-түні отыра алады. 

АҚШ-тың 40 жыл бұрынғы «Радиациядан денсаулықты қорғау» туралы заңында  барлық киноскоп шығарушыларды қорғасынды әйнек шығаруға шақырған болатын. Соның арқасында теледидарлар қауіпсіз болып таныла бастады. 

Теледидардан келер басты қауіпті аз қимылдан көретіндер бар. Солай болып шықты да. Соңғы 20 жылда балалар мен жасөспірімдердің арасындағы тұйықтық індеті (белсенділік жоқ) артып келеді. Кез келген бала 3 жас пен 6 жас аралығында 14 сағат бойы тапжылмай теледидар көретін болып шықты. Сонда олар 1 сағатқа жетер-жетпес спортпен айналысады деген сөз. Таза ауада сергіп қайтуды айтпасақ та белгілі.

2004 жылғы «Педиатр» журналының зерттеу қорытындысы бойынша, теледидар алдында отырып, мезгіліне 3-4 сағат жұмсайтын баланың назар аудармау (ADD) ауруына ұшырау белгісі 30%-ға артатын көрінеді.

Ал 2005 жылы күнделікті ақпараттарды сараптайтын «Нелсон» компаниясы мынадай шешімге келген. Америкада теледидары күні-түні қосылып тұратын үйлер бар дейді. Бұл көрсеткіш 10 жыл бұрынғыдан 12.5%-ға артық болып шыққан. Бұл дегеніміз, қазіргі әрбір американдық 70 жасқа келгенде өзінің 8 жылын теледидар алдында өткізді дегенмен бірдей.

Теледидарды тастай салу мүмкін емес. Дұрысы, теледидарды қай бөлмеге қою керектігін білсеңіз болғаны.


Сурет: teremo4ek.net 

16601 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 11 сәуір 2012, 10:46
Пікірлер
+0
11 сәуір 2012, 11:19

теледидар бар болса жақсы ғой... :) :) :)

+0
11 сәуір 2012, 13:57

Теледидар қарамағалы көөөөп болды ше. Жатақханада бөлмеде жоқ болғасын ба, болғанымен өзіміз де бөлмеде көп болмаймыз ;)

+0
11 сәуір 2012, 14:12

Теледидарды ұмытқанымызға 2 жылдай болды ше, интернетте өмір сүретін болып кеттік қой ))

+0
11 сәуір 2012, 22:46

Ауылда бір ғана телевизор болатын. Соны бүкіл ауыл болып көруші едік...

+0
15 сәуір 2012, 17:50

Кай ауылдансын Фараби :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol:

+0
15 сәуір 2012, 19:32

:P :P :P :P :P :P :P :P

+0
08 шілде 2012, 16:33

:lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: :lol: farabi ali sondaisndar ma

+0
08 шілде 2012, 17:18

күлмей-ақ қой, есесіне кітап көп болатын

+0
08 шілде 2012, 20:16

mi govorim o telike :idea:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...