Google-дің мың қызметкері миллионер

Google-дің мың қызметкері миллионер

Қыркүйек айы әлемдегі ең алпауыт компаниялардың бірі Google үшін мерекеге толы ай: осыдан 16 жыл бұрын, 1997 жылдың 15 қыркүйегінде Google.com домені тіркелді (іздеуші сервистің 2000-жылдан бастап жұмыс істей бастады), ал 15 жыл бұрын, 1998 жылы 2 қыркүйек күні, аты әлемге әйгілі компания негізі қаланған болатын. Сонымен қатар, компания кейде өз туған күнін 7 және 27 қыркүйек күндері де атап өтеді екен. Massaget.kz Google-ді қуанышымен құттықтай отырып, назарларыңызға планетамыздың ең ірі интернет компаниясы жайлы көбісі біле бермейтін, дей тұрғамен, өте қызықты деректерді ұсынады. 

Әйгілі іздеушінің бастапқы атауы «BackRub» болған. Басты бетте «BackRub – бұл интернетте орын ауыстыруға арналған іздеу агенті» деп жазылды. 



Google-дің бірінші дудлын (мерекелік логотип) 1998 жылы компания негізін қалаушылар – Сергей Брин мен Ларри Пейдж ойлап тапқан болатын. Google-дің әдеттегі түрлі-түсті логотипін олар «жанып тұрған адам» образымен толықтырған еді. Бұл олардың сол жылы барған «Burning Man» фестивалінің символы болып саналады.



1999 жылдың қараша айында компания өзіне жеке аспазды – Чарли Айерсті жалдады. Сол уақытта компанияда бар болғаны 40 адам жұмыс істейтін.

Уақыт өте, Айерс Google-дің басты шеф-аспазы болды. Ол Калифорния, Маунтин-Вьюдегі штаб-пәтерде орналасқан 10 кафеде 150 қызметкерден тұратын ұжымды аспен қамтамасыз етті. 

Google-дің электронды поштасы – Gmail-ді әлемнің 50-ден аса тілінде қолдануға болады. Соның ішінде үндістердің тілі чероки, валлиялық, хинди, тагаль, телугу, баск тілдері бар.



2004 жылы компания биржада өз акцияларының бір бөлігін сатып, көпшілік компаниясына айналған соң, Google-дің мыңға жуық қызметкері миллионер атанған болатын.



Сол миллионерлердің бірі – массаж жасаушы Бонни Браун. Компаниядағы қызметін 1999 жылы бастаған ол аптасына 450 доллар табатын.



Google штаб-пәтіріне қарасты алаңды бақылап тұру қажет болған: шөпті, ору, бұтақтарды кесу – бір сөзбен айтқанда, өрт қауіптілігін  азайту керек болған. 2009 жылы компания осы бір мәселеге көгалшапқыштарды жалдаудың орнына, 200 ешкі сатып алған. Бір жағынан, олар ешқандай шусыз, ауаны ластамай «жұмыс істесе», екінші жағынан топырақты құнарландырып тұрады.

Компанияның өте жылдам ілгері басуын мынадай деректерге қарап айтуға болады: 2010 жылдан бастап, Google орта есеппен алғанда, аптасына бір компанияны сатып алады екен. 



Google-дің ең бірінші ресми туиті «Жолым болады!» («I'm feeling lucky») сөзі болған, бірақ ол екілік есептеу жүйесімен жазылыпты.

Google-дің негізін салушылар Сергей Брин мен Ларри Пейдж компанияның 16 пайыздық акциясының ғана иегері болып саналады.

Алайда бұл 16 пайыз екі бизнесменді 46 миллиард доллармен қамтамасыз етеді.

Аталған компанияның бәсекелесі саналатын Mozilla компаниясы өзінің барлық табысын Google-дан алады екен.  Google Firefox интернет-браузерінде бірінші іздеуші сервис болып шығып тұруы үшін Мозиллаға жылына 300 миллион доллар төлейді.

Компанияға жаңадан келген әрбір қызметкер «нуглер» деген атқа ие болса, әрбір бұрынғы қызметкер «ксуглер» деп аталады екен. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: bugaga.ru

Ж. FM