Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Техно жайлы сыбыстар

Техно жайлы сыбыстар

Техно жайлы сыбыстар

Заманның заңына бағынған адамның өмірін техникасыз елестету мүмкін емес. Қайда барсақ та, алдымыздан құлақтары қалқиып компьютерлер күтіп алады. Жұмыстың бәрін электронды қүрылғылар атқарады. Сондықтан да біз бүгін техно әлеміндегі қызықты жайттармен бөлісеміз.

Радионың соңғы күні

2007 жылы ВВС корпорациясында құрылған The Digital Radio Working Group сарапшылары: «2020 жылға қарай FM радионың ғұмыры аяқталады» деген болжам айтып жатыр. Олардың пайымдауынша, қазіргі біздің күнделікті тыңдап жүрген радиомыздың орнын DAB – сандық радио баспақ. Бұл жаңа стандарт арқасында музыканың сапасы әлдеқайда жақсарып, радио арналарының саны бірнешеге өспек. Әзірге бұл заманауи технология еш жерге енбегендіктен, өнерсүйер қауым сүйікті әндерін CD ойнатқыштарынан, немесе ұялы телефондарынан тыңдап жүр. Бірақ сандық радионың келер күні тым алыс емес... Жаңа сандық технологиялар дәуіріне дайын болыңыздар.

Әрқайсысы өз арнасымен

Ғаламтордағы сыбыстарға сенетін болсақ, корей өнертапқыштары жаңа, таңқалдырарлық MT9 аудиоформатын ойлап тапқан. Бұл форматтың ең қызығы: әр музыкалық аспапқа жеке арнаның арналуы. Былай айтқанда, қолданушы әр аспаптың дыбысын өзі өзгертіп, тіпті қаласа, толықтай өшіру мүмкіндігіне қол жеткізе алады. Қысқасы бұл аудиоформаттың көмегімен аудиомикстер мен караоке әуендерін жасауға болады. Бірақ жаңа форматты әзірше тек Audiozen компаниясының өнімі Music 2.0 ойнатқышы қолдайды. 

Түймедей компьютерлер

Биыл әлемдегі барлық компьютерлердің саны 1 миллиардтан асты деседі. Сарапшылардың болжамдарына сенетін болсақ, келер алты жылда бұл сан екі есе өсіп, электронды көмекшілеріміз қытайлардан көп болатын түрі бар. Басқа болжамдарға құлақ түрсек, ширек ғасырдан кейін компьютерлердің өлшемдері бүгіндікінен 100 000 есе кішіреймек. Егер соңғы айтылған тұжырым шындыққа ұласатын болса, бактерийлердің не екенін ұмытуға тура келеді. 25 жылдан кейін есептеуіш машиналар көзге көрінбей, қоршаған ортаны қаптап кетпек. Бір қызығы, келешекте болатын компьютерлердің өлшемдері қазіргі есептеуіш машиналардан 100 000 есе кіші болса, оны көзімізбен қалай көреміз? Қызық сұрақ екен...

Сурет: kotofot.ru

415 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 06 сәуір 2012, 11:25
Пікірлер
+0
06 сәуір 2012, 11:36

Жай ғана болжам боп шықса, қуанар едім :roll:

+0
06 сәуір 2012, 13:12

25 жылдан кейін комптар құрттақандай болса, біттік қо онда

+0
06 сәуір 2012, 14:04

ФМ радио жайлы әбден болуы мүмкін.

+0
06 сәуір 2012, 14:07

бір 5-10 жылда жабыла қоймас

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...