"Мона Лиза" жайлы

"Мона Лиза" жайлы

Көркем өнерді жетік меңгерген мамандар Леонардо да Винчи "Мона Лиза" атты әйгілі суретінде 1479 жылы туылған Лиза Герардиниді кескіндеді деген тұжырымды алға тартып отыр. Бірақ, бұл жерде бір келіспеушілік бар сияқты. Леонардо да Винчидің өмірі мен шығармашылығын зерттеп жүрген тарихшылар басқа пікір білдіріп отыр. Олардың пайымдауынша "Джоконда" суретінде Флоренциядан келген жібек сатушысы Франческо дель Джокондоның жұбайы кескінделген. Сол кезде оның жасы 24-те еді. Джокондо жанұясы екі баланы тәрбиелеген. Әлемге аты мәшһүр суретші неге оны таңдағаны құпия болып тұр. Сонымен қатар, осы оқиғаға қатысты тағы бір пікір ел аузында жүр. Кейбір жылнамашылар Леонардо бұл суретте өзін әйел кейпінде бейнеледі деген пікірді алға тартса керек. Ал суретті "Мона лайза" итальян тілінен аударғанда "менің ханымым" деп аударылғандықтан, осындай атау берген.

Бұл суретті салуға Леонардоның 4 жыл уақыты кетті. Суретке зейін қойып қарасаңыз Мона Лизаның қасы жоқ екендігін байқайсыз. Осыған орай да Винчи перфекционист адам болған деген пікір бар. Дұрыс қас сала алмаған суретші оны өшіріп, қайта салуға мұршасы жетпеген көрінеді. Қандай болғанда сурет өте әдемі болып шықты.

1965 жылы Уго Унгаца атты бір кісі суретке тас лақтырғандықтан, Мона Лизаның сол шынтақ жағындағы сыр бүлініп кетті. 

Бір қызығы қазір бұл сурет Париждегі Лувр мұражайының арнайы сол сурет үшін жасалған бөлмеде сақталынып тұр. Оқ өтпейтін шынымен қорғалған суреттің ескіріп кетпеуін қамтамасыз ету үшін арнайы микроклимат қарастырылған. Бұл бөлмені құрастыруға мұражайдың 7 миллион доллардан астам қаражаты жұмсалды.

Жақында жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындыларына сенетін болсақ, бұл суреттің үш қабаты бар. Шамасы Леонардо бұл суретті бірнеше рет салған көрінеді.

1911 жылы Лувр мұражайының қызметкерінің көзі суретке түсіп, оны ұрлап алған. Мона Лизаны тек екі жылдан кейін тауып, заңды жеріне қайта орнатты. 

Сурет mygazeta.com