Бассыз балапан қанша уақыт тірі жүре алады?

Бассыз балапан қанша уақыт тірі жүре алады?

Екі жылға жуық. 1945 жылдың 10 қыркүйегінде АҚШ-тың Колорадо штаты, Фрут қалашығында кішкене ғана томпақ балапанның басын шапқан болатын. Алайда балта ғайыптан тайып, негізгі күретамырдан қиыс кетеді. Ал мойнында ми бағанасының біршама бөлігі сақталғандықтан, балапан тірі қалғанымен қоймай, өсіп-жетіледі.

«Майк» атты балапан халықтық қаһарманға айналып, бүкіл елді аралап, тіпті «Тайм», «Лайф» секілді журналдардың беттерінен де көрінді. Оның иесі Ллойд Олсен бассыз таңғажайып балапанды америкалық жәрмеңкелерде бір реттік көру мүмкіндігіне 25 центтен алып отырған. Майк сахнаға өзінің табиғи басы секілді көрінетін кептірілген балапан басын киіп шығатын болған. Шын мәнісінде, ол басты Олсендер отбасының мысығы өзге балапанның денесінен ажыратып тастаған болатын. Майк атағы шығып тұрған кезде, айына 4 500 доллар тауып, өзі 10 000 долларға бағаланды. Оның ең үлкен жетістігі – құрбандықтары екі күннен ары тіршілік ете алмаса да, еліктеушілердің қатарын көбейтті.

Майкты түтікше арқылы тамақтандырып, тыныс алу жолдарын тазалап отырған. Басынан айрылғаннан кейін, екі жыл ішінде ол өзіне 3 келі салмақ қосты. Денесінде қалған мойнымен «азығын шоқып», «қауырсынын тазалаған» Майкты жақсы білетін бір адам: «Ол өзінің басы жоқ екенін білмейтін үлкен әрі семіз балапан» - деді.

Бірде түзетілмейтін қателік болды. Трагедия Аризона штатының Феникс қонақ үйінде орын алды. Майк тыныс ала алмады. Кешкі көрсетілімнен соң, түтікше қоюды ұмытып кеткенін есіне алған Ллойд Олсен енді бәрі де бекер екенін түсінеді. Өздігінен тыныс алу жолдарын тазалай алмаған Майк тіршілік етуін тоқтатты.

Майк бүгінгі күнге дейін Колорадоның ғұрыптық нышаны болып қалуда. Фрут қалашығында 1999 жылдың мамыр айынан бастап, Майктың өлген күнін «бассыз балапан» - Майктың күні ретінде арнайы атап өтеді.

Форумда талқылау

Сурет: open.кz 

Л. Лига