Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / "Кока-коланың" құрамында не бар?

"Кока-коланың" құрамында не бар?

Түрлі той-жиындар мен басқосулардағы дастарқанның көркін келтіретін "Кока-кола" сусыны жайлы не білеміз? Кішкентай балалардан бастап, ересек адамдарға дейінгілердің сүйіп ішетін сусынына айналған тәтті сумен дүниежүзінде миллиондаған адам шөлін басады. Ата-аналарымыз "Кока-коланы" ішпе деп ұрысқанның өзінде де, бұл тіс пен асқазанға зиянды сусыннан бас тарта алмаймыз. Сонымен, дүниежүзін жаулап алған сусын жайлы білгіңіз келсе, біздің мақалаға көз жүгіртіңіз.

"Кока-коланы" 1866 жылы доктор-фармацевт Джон Пемертон ойлап тапқан болатын. Джон Пемертон дәрілік тұнбаны ойлап таптым деп ойлап, оны асқазан аруларына қарсы емдік қасиеті бар деген тұжырымды алға тартқан. Бұл тұжырымдамада бір шындыққа ұқсас негіз бар сияқты. Өйткені, "кока-коланың" алғашқы ингредиенттерінде кокаин өсімдігінің құрамындағы заттар болды. Қазіргі таңда бұл сусында ондай зат жоқ.

Бір литр сусынды жасау үшін 2 литр су қажет. Үндістан еліндегі ауыз су тапшылығы 2004 жылы қалың жұрттың "Кока-кола" компаниясына қарсы ереуілге шығуына түрткі болған. Бір қызығы "Кока-кола" компаниясының бұдан бірнеше жыл бұрын жүргізген "H2O-жоқ деп айт" бағдарламасы адамдарды қарапайым судан гөрі кока-кола ішуге шақырған. Бұл бағдарламаның негізі бойынша, мейрамханаларда ауыз суға тапсырыс берген адамға "кока-кола" сусыны ұсынылатын.

"Кока-коланың" құрамы қандай? Бөтелкедегі қағазға қарасақ: газдалған су, қант, карамель түсі, кофеин мен дәмдеуіштер. Бірақ, сусынның құрамында тағы бір "" деген құпия ингредиент бар. Бұл заттың мазмұны жазылған ақпарат Джорджия штатына тиісті Атланта қаласының банкінде сақтаулы тұр. Дүниежүзінде осы заттың не екенін білетін адамдардың саны санаулы. Осы орайда, "Біз не ішіп жатырмыз?" деген сұрақ туындауы мүмкін.

Бүгінге бар білетініміз бұл "кока-коланың" қант құрамы өте жоғары ащы сусын болып табылады. Сусындағы фосфор қышқылы жер бетіндегі органикалық заттарды құртатынын білеміз.

Не ішсеңізде де, өз еркіңіз. Ал біздің редакция сізге пайдасы бар мол 8 сусынды ұсынады.

35456 20
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 28 наурыз 2012, 10:00
Тегтер: кока-кола, сусын, coke,
Пікірлер
+0
28 наурыз 2012, 10:30

Теріс қаратып оқыса, жаман сөз дейді ғой.

+0
28 наурыз 2012, 10:40

солай деп жатады, теріс қаратса Аллаһқа қарсы сөз деседі, өзім оқи алмағандықтан сенбейді екенсің......... :)

+0
28 наурыз 2012, 11:06

онша құмар емеспин бұл сусынға

+0
28 наурыз 2012, 11:19

дәмі жаман болса да іше берем

+0
28 наурыз 2012, 11:44

Кока кола ұнайды.

+0
28 наурыз 2012, 11:49

http://thepeoplescube.com/images/images_working/AppleMecca/CocaCola_Logo_Backwards_Isl.gif

+0
28 наурыз 2012, 11:51

Уа, Данияр, осындайға сенетін қандай аңғал едің )) Жалпы сенім деген киелі ұғым ғой, сенің сеніміңе еш нұқсан келтіргім келмейді. Жай ғана өз таңдауымды өзіме қалдырсаң...

+0
28 наурыз 2012, 11:57

:D аха мен жай) сіз не ойлайды екен дегенім ғой. Бұл Пепси сынды бәсекелестерінің құйтырқы істері болуы мүмкін ғой

+0
28 наурыз 2012, 11:56

қарсымын осы сусынға 1 жерден ұрлаған материалымды жіберейін))Жанат КАТИФОВА, Алматы қаласы

АҚШ-тың брендiне айналған кока-коланың әлемге таралғаны соншалық, бұл газдалған сусынның дүние жүзiнде секундына 8 мың стақан iшiледi екен. Кейiнгi кезде аталған сусынның адам ағзасына келтiретiн зияны туралы мамандар дабыл қаға бастады. Таяуда «Кока-кола» компаниясы өз сусынының жасалу құпиясын ашуға мәжбүр болғаннан кейiн мұндай күдiктер тiптi күшейдi. Компания өкiлдерiнiң айтуынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын азық-түлiк қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiрқышқылы қосылады деп көрсетiлетiн. Ендi өндiрушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Дегенмен «кока-коланың» адам ағзасына келтiрер залалы күннен-күнге дәлелденiп отыр. Егер жүргiзiлген тәжiрибелерге сүйенсек, бiр стакан кока-колаға салынған кесек ет бiраз уақыттан кейiн бүрiсiп, кiшiрейiп кетедi екен. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, кока-кола, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қабiлеттерiне орасан зор зиян келтiредi. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темiр секiлдi ең маңызды элементтердi жойып, есесiне құрамындағы есiрткi зат өмiрiңiздi екi есеге қысқартады. Есесiне «кока-коланы» тот басқан заттарды, айғыздалған әйнектi сүртуге пайдалансаңыз, керегiңiзге жарайды және шәугімнің қағында кетіруге пайдалануға болады.Құр кошениль құртының қосылуы да жәндікті өлтірудің өзі де жиіркенішті ғой.Әр нәрсенің қалай жасалуын білсе,онда жейтін адал аста қалмас!

+0
28 наурыз 2012, 22:28

Қазір қарап отырсақ, зиян емес зат жоқтай көрінеді, көбінің құрамынан әйтеуір бірдеңе табылады.

+0
29 наурыз 2012, 02:54

Мен бұл сусынды көп ішем, іше берем, іше берем..... :|

+0
31 наурыз 2012, 17:24

өте зиян деп естігенмін өзім ішпеймін

+0
31 наурыз 2012, 17:27

Коканы ішпеңіз

+0
31 наурыз 2012, 18:30

бир жылдары коканы қалай жасайтыны туралы видео шығып еди ғой ол жәндіктерді езіп олардың сығындылары түс пен дәм береді екен деп, содан кейін біраз жиіркеніп ішпеп едім естен біраз шыққан соң қайта ішіп кеттім.бірақ жиі емес. :D

+0
26 сәуір 2012, 21:21

мен Кока-кола жақсы көрем зиян екенін блсемде!іше бергім келеді)наркотик сиякты :)

+0
26 сәуір 2012, 23:25

маған ұнайды, бірақ кока коланы көп ішпеймін мүлдем ішіп жүрген жоқпын десе де болады. 40 жыл тұрып қалған қақты кетіреді дейді, бір танысымның кока коламен машинасының терезесін жуып жатқанын көргенмін.

+0
27 сәуір 2012, 00:07

Өзім ішпейтін болғандықтан, толық оқымадым. Бірақ менің бөлем осы сусынмен толып қалған құбырды (канализация) тазалайды.

+0
27 сәуір 2012, 09:38

"Сарыағаш" сусынын ішіңіздеееер! деп жарнамалап жіберсең)

+0
27 сәуір 2012, 10:40

коко-коланы шәйнекке құйып қойсаң ішіндегі су жегісін тазалайды дегенді естіп ем,сынап көрмедім. Аңда-саңда пайдаланамын.

+0
02 наурыз 2013, 20:01

koka kolani iwpeim oz basim

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...