Судың түсі қандай?

Судың түсі қандай?

Осы бір сұраққа келгенде суда түс жоқ санаймыз. Су тек мөлдір әрі тап-таза болады деп ойлаймыз. Судың көк болуын аспанның жерге қарап тұруынан деп есептейміз.

Алайда, қателесеміз. Су көкшіл түсті. Ашық әлсіз көкшіл болғанымен, көкшіл түстің санатына жатады. Оған дәлел, қыстың күні қатып қалған мұз кесегін алыңыз, әйтпесе, суы бар терең жыраларға үңіліп көріңіз. Тіпті болмаса, терең әрі үлкен суға толған бассейнді алып көріңіз. Онда судың түсі көкшіл екеніне көзіңіз жетеді.

Әйтсе де, судың көкшіл түстес екендігі өзін толықтай ақтап ала алмайды. Сырт көзге қарағанда, сеніп те қалатын шығармыз. Бірақ, бұған көк аспанның қатысы бар болып шықты. Егер бұл сөзге сенбесеңіз, онда бұлтты күні судың түсін қарап көріңіз. Сонда сіз судың айрықша көкшіл емес екендігін көресіз.

Бәрін айт та бірін айт, судың көкшіл түсті болуы жоғары қабатқа  байланысты. Судың жоғары қабаты неғұрлым лас болған сайын, соғұрлым көкшіл түске бояла түседі.

Үлкен мұхиттар мен өзен-көлдердің бетінде микроскопиялық тіршілік өмір сүреді. Тіпті, шағын көлшіктердің өзінде балдыр деген жетіп артылады. Бұның бәрі ең алғашқы тіршіліктің судан бастау алғандығының көрінісі.

Аталған су бетінің тіршілік әлемі судың түсін алуан түрге бөлейтіні белгілі. Көрер көзге шағылысып, әр түрлі түстердің қоспасы немесе қойыртпағы пайда болады. Кейде Жерорта теңізінің қанық жасыл түске боялатыны содан шығар.

Форумда талқылау

Суреттер: walldesk.ru

Л. Лига