Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Оқу құралының орнына iPad қолданыла бастады

Оқу құралының орнына iPad қолданыла бастады

Оқу құралының орнына iPad қолданыла бастады

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының Білім басқармасы оқушыларға iPad сатып алып жатыр, деп хабарлайды Associated Press агенттігі. Мектеп оқулықтарының орнын технологиямен ауыстыру жобасы бірнеше жылға созылады.

Мекеме 30 миллион қаржыға iPad құралының бірінші легін сатып алуға рұқсат берген. Apple компаниясының өкілдігі бірінші сатып алу легі 31 мың дана планшеттен басталады деп хабарлады. Apple өнімдері мектеп оқулығын ауыстыруға толықтай мүмкіндігі бар және өзге компанияның планшеттеріне қарағанда арзан болған екен. Электронды оқулықтарды мектептерге нарықтағы оқу құралдарын жеткізуші Pearson атты басылым жеткізетін болып бекітіліпті.

Ал 2012 жылдың басынан Apple тарата бастаған iBooks жүйесі қабылданбаған. Жалпы АҚШ мектептерінде 10 миллион iPad қолданылады. Лос-Анджелестің балабақша жасынан 12 сыныптың түлегіне дейінгі жастағы 640 мың оқушының барлығына да электронды оқулық жеткен кезде, қала АҚШ-тағы алып мектеп округі болып саналмақ екен.   

Қағаздан жасалатын оқулықтарды электронды оқулыққа ауыстыру идеясы Apple компаниясын құрушы Стив Джобсты қатты қызықтырған, делінген агенттік хабарында. Бұл арқылы марқұм көмекші оқу құралдардың сертификациясын түпкілікті жойып, тегін электронды оқулықтар шығаруды көздеген екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lenta.ru

1267 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 20 маусым 2013, 12:27
Пікірлер
+0
20 маусым 2013, 14:28

көп ұзамай бізге де жетеді)) бала-шағама әперуге ақша жинау керек :)

+0
20 маусым 2013, 17:47

Болашақта кітапты ұмытатын шығармыз иа, қазірден бәріміз цифры технологиядамыз.... Айгерімге қосылам бастысы ақша жинап, дамудан кейін қалып қалмау!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...