Кассиус Клей – әлемдегі ең алып қолтырауын

Кассиус Клей – әлемдегі ең алып қолтырауын

Жақында Кассиус Клей атты әлемдегі ең алып қолтырауын өзінің 110 жасқа толған күнін тойлады. Хайуанттар бағының қызметкерлері осы мерекеге орай, оған тауық етінен жасалған 20 келі тартатын үлкен торт әзірлепті. Бұл торт осы күнге дейін хайуанаттарға жасалған тағамдардың ішіндегі ең үлкені болып саналды.   

1

Кассиустың күнделікті тағам нормасы бір келі тауық пен балық болып табылады. Соған қарамастан, 20 келілік тортты ол 30 секундтың ішінде жоқ қылған.

2

3

2011 жылы Кассиус Клей Аустралияның солтүстігіндегі ең кәрі тұрғындардың бірі ретінде Гиннестің рекордтар кітабына әлем бойынша хайуанаттар бағындағы ең алып қолтырауын болып тіркелді.    

Қолтырауын осыдан 26 жыл бұрын Аустралияның жабайы табиғатынан ұстап алынған еді. Сол кезде ол жергілікті тұрғындардың қайықтарына бірнеше рет шабуыл жасап, адамдардың қорқынышын туғызған екен. Кейін оны қызметкерлер Marineland Melanesia бағындағы Green Island фермасына әкеледі. 

Қолтырауынды аты аңызға айналған боксшы Кассиус Клейдің (кейін Мұхаммед Әли) құрметіне атаған. 

4

Қолтырауынның нақты жасы белгісіз, алайда сарапшылар оны шамамен 110 жаста дегенді айтады. Оған қараушы Билли Крейгтің сөзінше, әдетте қолтырауындар тістерін жиі ауыстырып тұрады, бірақ олар ауруға шалдыққан және қартайған шағында ол әдеттерін доғарады. Ал Кассиус Клейдің тістері түгел және бүтіндей сақталған екен. Бұл дегеніңіз қолтырауынның дені сау және әлі де отыз шақты жыл өмір сүруге қауқары бар деген сөз. 

Тағы да бір қызықты факт: осыған дейін Жер бетінде өмір сүрген әйелдердің ішіндегі ең кәрісі Жанна Луиза Кальман 122 жыл және 164 күн толған жасында өмірден озған еді. 

Кассиус Клей – ең кәрі ғана емес, тұщы суда тіршілік ететін әлемдегі ең алып қолтырауын саналвп отыр. Оның денесінің ұзындығы құйрығымен қоса есептегенде 5,48 метрді құраса, салмағы толықтай бір тонна болады. 

6

2011 жылы қолтырауын Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Алайда өткен жылы оның атағы мен рекордын филиппиндік Лолонг атты қолтырауын тартып алған еді. Оның жалпы ұзындығы 6,17 метр болған. Десек те жаңа рекордшы көп ұзамай қайтыс болып, Кассиус Клей өз атағы мен рекордын қайтарып алды. 

2011 жылы түсірілген бұл видеода оған қараушы Кассиустың ұзындығын өлшеп жатқандағы көрінісі көрсетілген. Ол үшін оны кішкене хауызға сыйдырып, тігінен жатқызуға тура келген. 


Қолтырауындар – осыдан 250 миллион жыл бұрын пайда болған әлемдегі ең үлкен және ең мықты жыртқыштар болып саналады. Олар орташа есеппен 80-100 жыл өмір сүреді. Сондай-ақ олардың табиғи жағдайда жаулары жоқ деп есептеледі. Соған қарамастан, қолтырауын адамның жақын досы бола алады. 

7

Қолтырауындар олжасын жеу кезінде "қолтырауын жасымен" жылайды деген ежелгі аңыз сақталған. Бірақ шындығында қолтырауындар оларға деген жанашырлығынан емес, керісінше денесіндегі тұздың артық мөлшерін шығару кезінде орын алатын ағзаның қорғаныс реакциясы әсерінен "жылайды". 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: SWNS

Б. Қосмағамбет