Қоқыс үшін міндетті түрде жауап бересіз

Қоқыс үшін міндетті түрде жауап бересіз

Сілекей портреті немесе бруклиндік суретші ДНҚ арқылы портрет жасайды.

«Ақпараттық суретші» әрі аспирантура білімгері Хизер Дьюи-Хагборг Бруклинде тұрады. Ол көшедегі қоқыстарды кімнің тастағанын анықтай алатын жүйе ойлап тапты. Қоқыстан алынған ДНҚ құрамы арқылы кімнің тәртіп бұзғанын оның портретін сала отырып анықтайды екен. Темекі қалдықтарынан, шаш қиындыларынан, тырнақ пен шайналған сағыздан Хизер нуклейн қышқылын бөліп алып, генетикалық анализ арқылы адамның бет-бейнесін жасап шығады. Сосын оны 3D-принтермен шығарады.

Адам ескеруге тұрмайтын алдықтар арқылы ғана өз туралы толық ақпараттар таратады. Тіпті мұндай әдісті меңгерген әрбір адам (дәрігер ғана емес) сіздің кім екеніңізді, түр-сипатыңыз қандай екенін анықтап біле алады. 

Хизердің айтуынша, ДНҚ қалдықтары арқылы белгілі болған адамдардың жынысын, нәсілін, тері, шаш, көз түсін, сонымен қатар беттің шұбарлығын оп-оңай анықтауға болады. Бұдан басқа, мұрынның көлемі мен көздер аралығын да дұрыс анықтау мүмкін екен.

10 мың ерікті адам қатысқан зерттеу барысында ғалымдар сәйкес полиморфизмдердің әртүрлілігіне байланысты бет-пішіннің дұрыс анықталатынын байқаған. 

Plos Genetics ғылыми басылымында ғалымдар адамның түр-сипатының геніне байланысты болатынын дәлелдеген. Табылған гендердің түрлері әзірге мыналар: PRDM16, PAX3, TP63, C5orf50 және COL17A1 – ең маңызды гендер болып табылады екен.

Жасалған мүсіндердің жанына Хизер ДНҚ-мен бөлінген биоматериалдарды қояды.

Байқап отырғанымыздай, дайын болған мүсіндерді адамның келбетімен теңеу арқылы толық анықтай алмаймыз, бірақ уақыт келе бұл зерттеу барынша зерттеле түсіп, қоқыс тастаған адамға айыппұл туралы мәліметті интернет арқылы жіберіп отыруға мүмкіндік болады дейді Хизер.

Бұл технология кейінде ресми түрде, заң жүзінде іске асар болса қоқыс тастау мәселесін біржақты шешуге мүмкіндік беретін көрінеді.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: lenta.ru

А. Құлтай