Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Болашақта адамның келбеті қандай болады?

Болашақта адамның келбеті қандай болады?

Болашақта адамның келбеті қандай болады?

Суретші және зерттеуші Николай Ламм генетикалық зерттеулер орталығымен бірлесе отырып, адамның 20 000, 60 000, 100 000 жылдан кейінгі бет келбетін шамалап көруді ойластырыпты.    

Түрлі генетикалық есептеулер және адамның бет әлбетінің бұрыннан бері өзгеруінің қарқынын есепке ала отырып, ол мынандай суреттерді көпшілікке көрсетті.       

Ер мен әйелдің қазіргі түрі    

20 000 жылдан кейін адамның маңдайы кеңее түседі. Әр адам байланысқа қажет арнайы линзалар (Google Glass сияқты) киеді.      

Ер мен әйелдің 20 000 жылдан кейінгі түрі     

60 000 жыл өткеннен кейін адамның бас сүйектері кеңейіп, көз, кабақ пен қастары үлкейе түседі. Бұл көзді жел, күн мен басқа да жағымсыз сәулелерден қорғау үшін қажет болады.     

Ер мен әйелдің 60 000 жылдан кейінгі түрі      

100 000 жылдан кейін адамның түрі қазіргіден ауытқиды деп болжайды мамандар. Көздері өте үлкейіп, терінің түсі күңгірттенеді. Қабақ пен қас одан әрі үлкейеді. Ал адамның жұмыс өнімділігі артуы үшін оның миына жалғанған импланттар болуы әбден мүмкін.       

Ер мен әйелдің 100 000 жылдан кейінгі түрі      

Әрине адамзаттың ғұмыры 100 000 жылға жалғаспауы да мүмкін. Жалпы болашақта адамның түрі эволюция және генді инженерияға байланысты болады.         

Жалпы адамзаттың табиғатындағы өзгерістер бұрыннан бері байқалған, олар әлі де болары анық. Ғалымдар сол саладағы деректерді топтастыра отырып, адам денесінде 1000 жылда қандай өзгеріс болатыны жайлы мынандай нәтижелерге келді.       

  • Азық-түліктердің сапасы, медицинаның дамуы жақсаруына байланысты адамдардың бойы ұзара түседі. Орташа есеппен алғанда адамның бойы 183-213 см болмақ. Жалпы 1960 жылдан бастап адамның орта бойы 2,54 см-ге өсіпті.   
  • Уақыт өте адамның ішектері қысқарып, адамның ағзасы тағамнан май мен сахарозаны қабылдау қасиеті төмендейді. Нәтижесінде адам артық салмақпен қиындықтары болмайды. Тағамдардың жұмсаруына байланысты, адамның тістері ұсақталады деген болжам бар.     
  • Адамның қолдары мен саусақтары байқарлықтай ұзарып, саусақтардағы жүйке талшықтары көбейеді. Бұл көптеген электронды құрылғыларда жұмыспен байланысты болады.        
  • Электронды құрылғылар, техниканың дамуына байланысты көп қызмет адамның көзіне жүктеледі. Осыған байланысты адамның көздері өте үлкейе түседі.      
  • Уақыт өте адамның аузы кішірейеді екен. Осыған байланысты көз - тілдесудің басты құралына айналады.           
  • Ғалымдардың айтуынша, адамның миы қазіргіге қарағанда байқарлықтай кішірейеді. Басты есептеу мен есте сақтау жұмыстарын біз үшін түрлі техника атқарғандықтан, ми бұл функцияларды атқармай, кішірейеді. Алайда бұл адамның ақылына әсер етпейді деседі мамандар.       
  • Келесі мың жылда адамдардың жұмыстары мен өмір тәртібі оның көп отыруына итермелейді. Нәтижесінде адамның  иектері үлкейе түседі екен.           
  • Нәсілдердің араласуы жалғасып, еуропалықтардың тері түсі күңгірттене түседі. Ал кондиционерлер мен желдетуді қолдану нәтижесінде адамдардың мұрын пішіні бірдей бола бастайды.         
  • Күннің белсенділігі артады, сәулелердің әсерінен адамдардың бетіндегі  әжімдері көбейеді. Ал шаш пен түктің өсуі баяулайды.       

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: dailymail.co.uk

5945 10
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 маусым 2013, 14:31
Пікірлер
+0
11 маусым 2013, 14:28

Қорқынышты :shock:

+0
11 маусым 2013, 14:47

:lol: :lol: :lol: адамның келбеті осындай болса Шрек мүлтігіндегі мысыққа ұқсап қалады екен ғой :lol:

+0
11 маусым 2013, 14:48

:roll: қызық

+0
11 маусым 2013, 15:17

фотошоп

+0
11 маусым 2013, 15:30

:P қандай өтірік әңгімелер десеңші!

+0
11 маусым 2013, 18:38

Қызық

+0
12 маусым 2013, 09:08

Суретші және зерттеуші Николай Ламм братан фотошопқа кіріп, аналардың көздеріне тышқанды туырлап, "раздувание" дегенді басып-басып жібере салған сияқты)

+0
16 маусым 2013, 22:00

:shock: :shock:

+0
21 маусым 2013, 20:36

Болашақта не боларын тек жаратушы ғана біледі, ал мынау ғалымсымаққа түкіргенім бар.............

+0
22 маусым 2013, 17:19

Мынауы қызық екен :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...