Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Аватар, троллинг, спам

Аватар, троллинг, спам

Аватар, троллинг, спам

Аватар, мем, троллинг пен спам – осының бәрі бүгінде біздің сөздік қорымызға әбден сіңген терминдер. Бүгін аталған неологизмдер қалай пайда болды және шын мәнісінде танымал Интернет терминдері нені білдіреді деген сауалға жауап іздемекпіз.

Троллинг

Онлайн тролль көбіне мысқылдап тұрған бейне ретінде суреттелсе, сөздің өзі француздың ескірген етістігі «troller»-ден  бастау алады. Бұл сөз «аңшылық кезіндегі шарлау» деген мағынаны береді. Ал ағылшын тілінде «trolling» сөзі «жеммен балық аулау» деген мағынаға ие.

Яғни тәжірибесі молырақ интернет қолданушысы өзінен әлсіздерді жанжалдасуға итермелейді. Сонымен бірге, «тролль» зат есімі скандинавиялық мифологияда жағымсыз жанды бейнелейді.

Аватарлар


Желіде біздің басқа келбетке ауысуымызды білдіретін сөздің айтарлықтай сырлы шығу тегі бар. Ол санскрит тіліндегі «аватара» терминінен пайда болған және құдайдың аспаннан жер формаларына ауысуы деген мағынаны білдіреді.

Ағылшын тілінде бұл термин 18 ғасырда хинди тілінің арқасында пайда болды және тек 1992 жылы аталған сөз америкалық жазушы-фантаст Нил Стивенсонның «Лавина» (Қар көшкіні) кітабында қолданылып, технологиялық мағынаны иеленді.

Хэштегтер


1920 жылдары Америкада # белгісі салмақтың фунт қасындырғандағы шартты белгісі ретінде қолданылды. Басқа елдерде ол нөмір белгісі немесе тор белгісі ретінде танымал болды.

Алғаш рет аталған белгіні Bell Labs компаниясындағы телефония саласының инженерлері жалпы функция символы ретінде қолдана бастап, оны «октоторп» деп атаған екен.

Қазіргі таңда хэштегтер Twitter, Instagram секілді әлеуметтік желілердің арқасында көпшілікке танымал.

Мем


«Мем» сөзі 1976 жылы ағылшын профессоры Ричард  Докинзаның «секілді», ұқсастық», еліктеушілік» деген мағынаны білдіретін ежелгі грек тіліндегі  «μίμημα» («мимем») қысқартылған сөзінен алынған «Эгоистичный ген» атты кітабында пайда болды. «Мем» сөзі кітапта дәстүрлі табыстау бірлігі болып табылатын тұқым тәрізді.

Кейінірек «мем» ойнатылатын, түрленетін және жетілетін вирус секілді ғаламтор арқылы бір адамнан екінші біреуге таралатын интернет феномендерінің біріне айналды. Ол ақпараттан, идеядан, видеодан немесе фотосуреттен тұрады.

Спам


«Спам» термині алғаш рет 1970 жылы «Летающий цирк Монти Пайтона» атты британдық шоудың комедиялық сериясында пайда болды. 

1980 жылдардың басында қандай да бір онлайн пікірталасты тоқтатқысы келген кез келген адам тосқауыл қою мақсатында бір сөзді бірнеше рет көшіретін болған. Содан бері «спам» сөзі контентті  өшіріп тастау әрекетін білдіретін термин ретінде қолданыла бастады.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: kak-kak.ru, infoniac.ru

2516 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 12 маусым 2013, 08:14
Пікірлер
+0
12 маусым 2013, 13:42

Мем жайлы білмеппін :oops:

+0
12 маусым 2013, 16:42

Осы мақаланың ең жоғарғы жағында тұрған бейне туралы жағымсыз оқиғаны, бұл суретті барынша пайдаланбау қажеттігі туралы көп адам естімеген секілді. Бұл суретті АҚШ-тағы бір атақты кісі өлтіруші қылмыскер (нақты айтқанда көп сәбиді өлтірген) өзі жатқан түрме камерасының қабырғасына салып қалдырған, кейін өлім жазасына кесілген. Оның бостандықтағы адамдар қоғамына қалай еніп кеткені есімде жоқ. Бұл туралы ВК әлеуметтік желісінде көлемді мақала жарияланған болатын. Ендігіде ғаламтор парақшасын толтырған кезде абай болғанымыз дұрыс-ау.

+0
15 маусым 2013, 16:45

мен АҚШ-тағы бір педофилдің түрмесінде салып кеткен суреті деп естідім.Осы суретті көрсем,жыным келед... :twisted:

+0
16 маусым 2013, 20:42

өміріне мәәз боп тұр ғой!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...