Шпаргалка дайындауды білесіз бе?

Шпаргалка дайындауды білесіз бе?

Бір сессия тәмамдалып, келесі бір сессияның уақыты жеткенше студенттер үшін мерекелі күндер салтанат құрады. Бір сөзбен айтқанда бұл аралықта студент "шырылдауық шегірткенің" күйін бастан кешіреді. Ал дүр сілкініп ұйқыдан оянып, күлкісіз күндер басталатын кезең - емтиханның уақытысы. Жақсы баға алу үшін ешкім де ештеңеден аянып қалмайды. Әрине, таза біліммен, қажырлы еңбекпен алған бестіктерге не жетсін! Бірақ, оған шамаң жетпесе ше? Көмекке шпаргалкаларды шақырғаннан басқа амал жоқ...

Тарих беттеріне үңілсек ең алғашқы шпаргалкалар XIV ғасырда Қытайда жасалған екен. Ал оны нақты кімнің ойлап тапқандығы белгісіз.  Жалпы, шпаргалкалардың белсенді қолданылып, әлемнің түкпір-түкпіріне тараған мезгілі - XVII саналады. Біле білсеңіз, Алтай аймағында шпаргалкалар мұражайы бар. Қала берді Екатеринбург қаласында көшіруге арналған құралдардың көрмесі өткізіліп тұрады. 

Бүгінде студенттер арасында "шпаргалка дайындау – әдеттен тыс қабілет пен аса жоғары зейін салуды қажет ететін өнер" деген қағида қалыптасқан. Ал оны қолдану алу басқа бір өнер. Керекті кезде көшіру әркімнің қолынан келе бермейтіндігімен өзіңіз де келісетін шығарсыздар. Заман талабына сай шпаргалкалардың да әр түрі ойлап табылуда. Ендеше, бірге танысып көрелік.

1. "Ақылды" газдалған сусын


Емтихан немесе тест уақытысында білім алушыларға су ішуге тиым салынуы мүмкін емес. Өзіңізбен бірге тағам алып кіруге рұқсат етілмегенімен, судан сізді ешкім шеттей алмайды. Біздің жағдай үшін су да жеткілікті. Ол үшін сізге сканер, желім мен карандаш және сүйікті лимонадыңыздың бөтелкесі қажет.  Затбелгіні ұқыпты түрде желімінен ажыратып аламыз, оны сканерлейміз, сусынды өндіруші туралы ақпараттарды өшіреміз де, босаған орынға күндерді, формулаларды, қысқасы, өзіңізге жаттауға қиын нәрселердің бәрін толтырамыз. Білініп қалмас үшін шрифтті оригиналындағымен бірдей етіп таңдаймыз. Сонан кейін шпаргалканы жылтыр қағазға шығарамыз. Сонымен "ақылды" сусын дайын. Айтпақшы, шырынды таңдайтын болсаңыз да мүмкіндігіңіз бар.

2. Әмбебап скотч


Кез келген мәтінді скотчқа көшіру үшін оны қарапайым принтерден шығарып, скотчқа жабыстыру қажет. Сонан кейін шағын жолақтарды жылы суға 1-2 минут салып алсаңыз, қағаз оңай ажырайды да, скотч та айқын іздер қалады. Бұл "Целлофанды" бөтелкеге, шоколадқа, бір рет пайдаланатын стақанға, карандашқа, көзілдірікке, тырнаққа жабыстыруға болады.

3. Жеуге жарамды қағаз.


"Ұсталмаса ұры емес" деген аталы сөз бар. Сондықтан сізге байқаусыз болуға қарағанда,  "артыңыздан "із" қалдырмау маңыздырақ. Ол үшін шпаргалка жасауда желінетін қағазды қолданыңыз. Мұндай концепт 2010 жылы веналық  «Ogilvy & Mather» агенттіктің бастамасымен ұсынылған. Бұл жарнама флаерде математикалық формулалар берілген. Қазір сатылымда осындай қағаздар көптеп кездеседі. Олар әсіресе кондитерлік өнеркәсіпте өте белсенді. Арнайы принтердің көмегімен оған әртүрлі суреттер түсіріледі (құттықтаулар, суреттер). Сонан кейін олармен торттар мен тәттілер сәнделеді. Бұл технологияны табу қиын емес, қиыны - шпаргалканы тез жей алу (қағаздың дәмі нейтралды келеді)

4. Екінші құлақ


Емтихан кезінде телефонды және сол сияқты гаджеттерді пайдалануға қатаң тиым салынған. Алайда, техника дамыған мына заманда оның да жолын табуға болады. Құлағыңызды беторамалмен жауып отырудың да еш қажеті жоқ. Бар болғаны hands free Bluetooth-ды сатып алсаңыз жетіп жатыр. Негізінен бұл да өткен ғасырдың жаңалығы болып кетті. Қазір микроқұлаққаптар кең қолданысқа ие, яғни, өте кішкентай сымсыз құрылғы сізге көмектесе алады. Оны құлағыңыздың ішіне тығып жібересіз де, шашпен жауып әлекке түспейсіз. Осындай құлаққаптармен бірге арнайы жеткізуші-кулон сатылаы. Сіз оны мойныңызға салып, киіміңіздің ішіне жасырып қоясыз. Бұлардың бағасы - шамамен 100$ болады.

Әрине ең мықты, ең арзан, ең қауіпсізі - шпаргалканың мүлде болмағаны. Біліммен және сеніммен қаруланған адамды ешкім де аяғынан шала алмайды. 

Сәттілік жолдасыңыз болсын!

 

Суреттер:byaki.ne

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева