Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Зейініңізді сынап көріңіз

Зейініңізді сынап көріңіз

Зейініңізді сынап көріңіз

Достар, естеріңізде болса, «Жұмбақ әңгіме» мен тарихтағы апта күндерін есептеу туралы жазбаларымызды ұсынған болатынбыз. Енді нағыз зейініңізді сынайтын сәт келді. Күрделі логикалық ойлау жолдары мен математикалық шешу амалдары арқылы шешуге тура келетін бұл сұрақтар барлықтарыңызды бей-жай қалдырмайды деген ойдамыз.

Жеміс санау

Неге екенін білмеймін ол кісіні бәріміз молда ата дейтінбіз. Молда ата жол бойында жеміс сатып, күнелтетін. Кеше ол жемістерін сатып бітіре алмай қалыпты. Артық қалған 18 апельсин мен алмұрттың қаншасының апельсин, қаншасының алмұрт екендігін санап көруді ойлаған молда атамыз қолын енді көтере бергенде, құдіреттің күшімен әлгі жемістер жамырап сөйлеп жөнеліпті: «Егер бүгін төртеуіміз артық сатылсақ, онда ініміз апельсинмен теңдесетін едік» деп жамырапты алмұрттар.

«Дұрыс айтады, молда ата, сіз бізге төрт дос қосып берсеңіз, біздің санымыз алмұрт ағамен теңесер еді» депті апельсиндер.

«Еее, жөн жемістерім, құр қарап отырғанша, сендердің дауларыңды шешейін, - депті мола аталары, - Он сегізді екіге бөлсе, тоғыз болады, тоғыздан төртті алсақ, бес қалады, тоғызға үшті қоссақ, он үш болады. Ендеше, апельсин бес, алмұрт он үш болды ғой» деп үсті-басын қағып, орнынан қозғалыпты.

Дәл осы кезде апельсиндердің дауыстары дірілдеп: «Молда ата, бірақ сіз қате есептедіңіз, біз санымыз бес емес» депді.

Алмұрттар да: «Молда ата, сіз қате жорамал жасадыңыз, біз сіз айтқандай көп емеспіз!» депді.

«Қай жері дұрыс емес, беске он үшті қоссақ он сегіз болмай ма?!» депті молда аталары.

Ендеше, молда атайға сіздер көмектерсіңіздер, жемістердің сандары қанша?

Кәрі әкенің ақылы

Өмірде не болмайды дейсіз?! Жанға қысым, өмірге қауіп төнген сәтте ақыл-парасаттың көмегімен аман қалған адамдар біздің арамызда да бар.

Бірде мұхиттың арғы бетіне жол алған кеме қатты боранға тап болады. Қаһарлы толқынның шабуылына тап болған кеменің бір жерлері зақым алады. Кеме қисая береді. Жолаушылар кемедегі артық заттардың бәрін теңізге лақтырады. Кемеде 25 жолаушы бар еді. Осы жолаушылардың алдында екі түрлі таңдау бар. Бірі – осы адамдардың бәрі теңізде ажал құшады десе, енді бір жол – жолаушылардың жартысынан астамын теңізге лақтырып құрбандыққа шалып, жартысын аман алып қалуға болады дейді. Талқылай келе, олар соңғы жолды таңдады. Бірақ кімнің өз еркімен өлімге барғысы келеді. Жолаушылар ішінде бүкіл отбасымен саяхатқа шыққан ақсақал қария болды. Ол кісінің отбасында 10 адам бар еді. Барлық адам ақылдаса келе, осы қарияның шешіміне жүгінді. Қария аз-кем ойланғаннан кейін, көпшілікті алқа формасында отырғызып, өзінен бастап реті бойынша 1, 2, 3 деп сан санатқызып, сол үшінші адам өз еркімен теңізге секіретін болады. Бір айналымнан кейін қайта үшке дейін санап, сол үшінші кісі теңізге тасталынады. Осылайша ретімен 14 адам теңізге секіреді. Кеме жеңілдеп, құрлыққа қарай бет алады. Соңында шалдың отбасындағы 10 адам түгелімен амал қалған екен. Аяқ-қолдарынан діріл арылмаған олар шалдан оның құпиясын сұрады. Бірақ қария ақырын жымиып қана қойды.

Енді ойланыңыз, қария өз отбасындағы 10 кісіні қайсы орындарға отырғызған?

 

Автор: Сұңқар Ақбоз

Сурет: game.com

3620 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 28 мамыр 2013, 17:49
Пікірлер
+1
29 мамыр 2013, 00:18

апельсин - 7,алмұрт - 11

+0
29 мамыр 2013, 13:29

:roll: :roll: :roll: :roll:

+1
30 мамыр 2013, 23:14

Міне басқатырғыш :? Ал екіншінің жауабы мынадай болады: өзі - бірінші, қалғандарын 4, 5, 8, 10, 13, 14, 17, 19, 22, 23 орындарға отырғызады! (Таптым ба? Ай, өзім-ай өзім )))

+1
05 маусым 2013, 00:09

Уәә, сенің жауабың дұрыс емес деп жатыр :mrgreen: (Егер ше, шал әр санақты өзінен бастап отырса, ол бар болғаны өз туыстарын сол жағына отырғыза қояды. Ал, санақты әрбір суға лақтырылған адамнан кейінгі адамнан бастап отырса, мына жауап дұрыс сияқты, нешеме парақтар кетті осыны сызам деп )))

+1
05 маусым 2013, 01:59

2-сұраққа жауап:
өзі 1-ші орында отырады деп есептесек, туыстары 2,7,10,11,14,16,19,20,23,25-орындарға отыратын шығар, дұрыспа?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...