Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek

Уақыт - Ақша

Уақыт - Ақша

Қала ырғағында өмір сүріп жүрген адам үшін (яғни уақыты тапшы) уақыт - таптырмас байлық. Осындай байлықты босқа жұмсау-нағыз дөкірлік деп санаймыз. Заманауи адамның әрбір минуты  санаулы. «Үнемделген уақыт – қалтадағы артылып қалған ақшамен тең»-деген сөз қала ырғағында өмір сүріп жүрген адам үшін айтылған бос сөз емес, нағыз ақиқат. Уақытыңызды яғни ақшаңызды босқа жаратпас үшін бірнеше ереже ұстанған жөн. Бұл ережелердің басты негізі-интернет ақша аударымдары. Қаражатымызды бірге үнемдеп көрейік.

Киім-кешек

Киім-кешек сатып алу процесі - уақытымыздың біршама бөлігін алып қана қоймай, жүйкемізге тиіп, күш-қуатымызды сарқып алатын іс. Бұнымен тек әйел адам дауласса керек. Дүкенге кірдің-сатып алдың - бұл өте тиімді шешім. Бірақ біз кішкентай бала емеспіз, өмірде бұндай ертегілер кездеспейді, өкінішке орай. Киім-кешек сатып алу үшін бұл іске моральды тұрғыда дайындалып, дүкенге келіп, киіну бөлмесі мен кассаға үлкен кезекке тұру қажет. Жоқ, бұл нұсқа уақыты тапшы адамдарға, яғни сен үшін тиімсіз болғаны. Бұл мәселені шешу үшін интернеттің көмегіне жүгінсең болады. Үйде компьютердің алдында отырып, серіктесіңнен өте маңызды хабарды күтіп, қатарынан электронды каталогты ақтара аласың. Қалаған киіміңді таптың ба? Егер керекті өлшемдерді білсең, оны виртуалды түрде шақтап көру кажет. Бәрін интернет арқылы төлеуге болатыны жайлы айтпасақ та, түсінікті. Тауарларды web money, кредит картасы мен қолма-қол ақша арқылы сатып ала аласың. Бұндай істің айтарлықтай артықшылығы – ешкімде жоқ, эксклюзивті киім сатып алу мүмкіндігі.


Тамақ

Әріптестеріңді немесе дос қызыңды таң қалдыру мақсатымен газ плитанын алдында тұрып, тамақ пісіру шеберлігіңді оларға мақтанышпен көрсете аласың. Бірақ,  сорпаны дайындау үшін қанша уақыт керектігін білесің бе? Оны сен де, біз де білмей ақ қояйық. Тез, әрі пайдалы тамақ сүйер қауым үшін  онлайн-дүкендер ұйымдастырылған. Интернет арқылы тапсырыс беріп, азық-түліктің ұзын тізімі туралы ұмытсаң болады. Үйіңе кенеттен қонақтар келе қалса, пицца немесе сушиға тапсырыс берсең, ұятқа қалмайсың. Ең бастысы, тапсырыс бергеніңді ұмытпау.


Жұмыс

Көптен бері армандап жүрген фотоаппаратқа қол жеткізіп, пайдалану нұсқауын оқуға уақыт таппадың ба? Фотоға түсіру интернет-курстарына жазыл. Олардың жұмыс істеу принциптері төмендегідей: мұғалімдер саған дәріс оқып, тапсырмалар жібереді. Ал сен берілген тапсырманы орындап, интернет пошта арқылы жібересің. Әдетте, бұндай мектептерде тіркеліп, ақшасын төлеп болғаннан кейін видео сабақтар қолжетімді болады. Кәдімгі толыққанды қарым-қатынас болмағанымен, өте ыңғайлы шешім деп санаймыз.

Тұрғын үй мен байланыс

Кеңес өкіметі кезіндегі коммуналды қызмет төлеушілердің ұзын кезегін есіңізге түсіріп көріңізші. Бұндай бітпейтін кезектерде тұрып, уақытын текке жұмсайтын адамдар бар ма арамызда?  Енді үйден шықпай, интернет арқылы төлемдерді жүргізуге болады. Бұны іске асыру үшін түбіртекті толтырып, құпия кодты енгізгеніңіз жеткілікті. Айтпақшы, интернет пен ұялы байланысты төлеу үшін бұл қызметті пайдалануға болады.


Жоғарыда айтылғанның бәрін жайлы диванда жатып алып, орындай аласыз. Қаншама уақытты үнемдей алатыныңызды көз алдыңызға елестеттіңіз бе? Бұл уақытты маңызды істеріңізге, жанұяңызға, достарыңызға, жолдасыңызға бөле аласыз. Уақыттың ақша екендігін ұмытпағаныңыз абзал.

Сурет mobilmusic.ru, bankcards.su

8827 2
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 21 наурыз 2012, 18:12
Пікірлер
+0
22 наурыз 2012, 01:27

Заман сондай болып кетті ғой

+0
24 наурыз 2012, 23:59

iaaa uideeee otirip kyim satip alsan keremet

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...