Құшақтаудың пайдалы жақтары

Құшақтаудың пайдалы жақтары

Құшақ – көпфункциональды дүние-қалып: жұбатады, ерік-күш сыйлайды, махаббатты білдіреді, жылытады. Жалғыз ғана мұнымен шектелмейді: құшақ адамның жүрек жарасын емдейді, сонымен қатар физикалық тіріліп, серпілуге алып келеді.

Осы бір әлеуметтік болымды қарым-қатынас ( мәселен, құшақ, сүйіс, т.б.) адам қанында окситоцинның көбірек бөлінуіне септеседі. Бұл дегеніміз, көбірек бөлінген окситоцин төмендеген қауіп-қатер дабылының және жан сабырлығы мен қауіпсіздіктің, қанағаттану сезімінің көрінісі болып табылады.

Көптеген зерттеулердің қорытындысы окситоцин мен махаббат қарым-қатынасының арасындағы тікелей байланысқа келіп тіреледі.

Анықталғандай, окситоцин ауырып, қабынуды төмендету қасиетіне ие болғандықтан, адам жан-жарасының емделуіне болымды түрде әсер етпек. Осы тұста бір ғана нәрсеге көз жеткізгіміз келеді, ол – басымыздан өтетін аталған дүние-қалып (эмоция) шынында да біздердің денсаулығымызды жақсартып, жақсы көңіл-күй сыйламақ және бұның бәрі иландыру үшін ойлап табылмаған.

Сурет:www.mnkstudio.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига