Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Марсқа көшкіңіз келе ме?

Марсқа көшкіңіз келе ме?

Марсқа көшкіңіз келе ме?

Mars One голланд компаниясының сайтында Марс бетіне түбегейлі қоныс аударуға әлемнің 120 елінен 80 мыңдай адам өтініш білдірген екен.  

Mars One осыдан үш апта бұрын Қызыл ғаламшарға тұрғындар іздейтінін хабарлаған болатын. Жалпы Марсқа ұшып бару жеті ай уақытты алады. Компания алғашқы тұрғындарды "қайту билетінсіз" 2023 жылы аттандырмақ.

Одан бұрын онда роботтардың көмегімен құрастырылатын тірі модульдер жіберілмек. Кейін әр жыл сайын адамдар келетін болады. Жобаның бастапқы құны 6 миллиард долларды құрайды екен.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, жобаға қатысам деушілердің саны биылғы жылдың тамыз айына дейін 500 адамды құрауы мүмкін. Олардың ішіндегі үміткерлердің де мақсаты әрқалай екен. Мысалы, 34 жасар канадалық Эндрю Рэйдер ғарышкер болу үшін барлығына да дайын көрінеді. Сол үшін де осы жобаға қатысуға тілек білдірген.

"Мен әрқашан да ғарышты игерушілердің қатарында болуды армандадым. Марсқа аттану - үлкен тәуекел. Бірақ арманымды жүзеге асыру үшін мен барлығына да дайынмын. Өмір қысқа, меніңше осы қысқа уақытта шынайы үлкен іс тындырып үлгеру керек деп ойлаймын",-дейді арманшыл Рэйдер. 

Бөгде ғаламшарға аттанушыларды іріктеу комиссиясының құрамына Монреаль университетінің профессоры Рае Касс та кіреді. Касс болса, көпшілік ойлағандай Mars One жобасын "өзін-өзі өлтіру миссиясы" дегенге келіспейді екен.

"Кезінде Айға барып қайтуды да кейбіреулер өзін-өзі өлтіру деген еді. Алайда адамдар оны жоққа шығарды. Мен олардың Марсқа да бара алатынына күмән келтірмеймін",- дейді профессор Касс.

Егер сіз де осы жобадан шет қалғыңыз келмей, Қызыл ғаламшарға аттанам десеңіз, онда мына жерге тіркелу арқылы өз арманыңызға біртабан жақындай аласыз.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: minval.az 

5011 2
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 17 мамыр 2013, 19:21
Пікірлер
+0
18 мамыр 2013, 08:02

Мда қайтар билетсіз???? 7ай ұшу??? Жо-жоқ мен қорқам

+0
21 мамыр 2013, 00:45

есесіне тарихта қаласыз :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...