ҰБТ-ға 99 560 мектеп бітіруші қатысады

ҰБТ-ға 99 560 мектеп бітіруші қатысады

Қазақстанда 2013 жылы ҰБТ-ға қатысуға 99560 мектеп бітіруші тілек білдірді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі. Бұл мектеп бітірушілердің жалпы санының 72%-ы.

"Қалыптастырылған «Бітіруші» деректер базасына сәйкес, ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға 99560 мектеп бітіруші тілек білдірді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72%-н құрайды, оның ішінде 68315 қазақ тілінде, 31245 орыс тілінде", - делінген таратылған ақпаратта.

Жақын арада деректер базасын қалыптастыру нәтижелерінің негізінде Ұлттық тестілеу орталығында тестілеу күндері мен ҰБТ өткізу пункттері бойынша ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кестесі жасалып, тестілеуді өткізу үшін қажетті емтихан материалдарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетелік, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің ақпараты бойынша, 2012 жылы ҰБТ-ға мектеп бітірушілердің 78%-ы (121 мың адам) қатысқан еді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: diapazon.kz

Massaget