Facebook Цукербергтің 2012 жылғы жалақысын жариялады

Facebook Цукербергтің 2012 жылғы жалақысын жариялады

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Цукерберг өткен жылы компания атынан пайда мен жалақы есебінен 1,9 миллион доллар табыс тауыпты. 

Бірақ, АҚШ баспасөздері хабарлағандай, Facebook компаниясының атқарушы директоры Марк Цукерберг компаниядағы ең жоғары жалақы алатын қызметкер емес. Мысалы, компанияның операциялық директоры Шерил Сэндберг 2012 жылы 26,2 миллион доллар табыс тапқан. Оның ішінде 25 миллионы бонус есебінде болған екен. 

Ал 2011 жылы Цукерберг компаниядан 1,7 миллион доллар пайда тапқан еді. Алайда, Марк компанияның басқа топ-менеджерлерімен салыстырғанда аз ақша тапқанымен, кедейленіп қалған ол жоқ. Оған дәлел ретінде, қазіргі кездегі оның иелігіндегі ақшаның сомасын айтсақ та жеткілікті. Марк Цукербергтің 2013 жылғы байлығын Forbes 13,3 миллиард долларға бағалап отыр. 

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: forbes.ru

 



 

Б. Қосмағамбет