Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Журналист үшін 7 кеңес

Журналист үшін 7 кеңес

Журналист үшін 7 кеңес

Журналистика – қыры мен сыры мол, еркіндік пен дарынды талап ететін шығармашылық мамандық. Алайда мамандық болғаннан кейін оған қойылатын белгілі бір талаптар, шектеулер болады. Және құқықтық білімсіз журналистердің өз қызметін ойдағыдай атқара алмай, қиындықтарға тап болып жататындығы тағы бар. Осы орайда оқырмандарымыздың сұранысы бойынша, болашақ журналистерге, журналистика жағалауына жақындаған жас мамандарға кеңестерімізді ұсынып көрмекпіз.

Алғашқы бөлімде журналистің қызметке орналасуы, оның ережелері, құқықтары туралы ақпараттарды беретін боламыз:

1. Журналист болып жұмыс істеу үшін арнайы мамандандырылған білім керек пе?

ҚР «Еңбек туралы» заңында қандай жұмысқа (қызметке) арнайы білімі бар адам керек екені көрсетілмеген.

Ал ҚР «БАҚ туралы» заңының 1-бабының 11-тармағында: «Журналист (БАҚ өкілі) – еңбек қатынастары негізінде БАҚ үшін хабарлар мен материалдар жинау, өңдеу және әзірлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлға» деп көрсетілген. Яғни, заң шығарушылар журналистік жұмысты атқару үшін арнайы білімді талап етпейді екен.

Алайда әрбір редакция, теле-радио компания басшысы бұл мәселені өз қалауынша шеше алады. Мысалы, ол өз мекемесінде арнайы білімі бар мамандарды ғана жұмысқа қабылдаймын деген ереже шығаруы мүмкін. Бірақ бұл ереже тек қызметкерлердің белігілі бір категорияларына қатысты, мәселен, операторлар мен бөлім редакторлары үшін.

2. Журналистің басқа да жұмысты қатар атқаруға құқығы бар ма?

Иә. Өйткені ҚР «Еңбек туралы» заң әртүрлі ұйымдарда қатар жұмыс істеуге тыйым салмайды. Егер журналист екі редакцияда да жұмыс істеп үлгеріп жатса, оған ешкім тыйым сала алмайды. Ал егер ол бір редакциямен ЖЕШ-ке отырса, онда ол сол редакцияның жұмыс тәртібін сақтап, екінші редакцияда жұмыстан бос уақытында барып істеп тұруы керек. Екі жерде жұмыс істеген жағдайда, негізгі орныңдағы жұмыс берушіден рұқсат сұраудың қажеті жоқ.

3. Журналист қандай тәртіппен жұмысқа алынады? Журналистің жеке еңбек шартының ерекшеліктері қандай?

ҚР «Еңбек туралы» заңының 12-бабына сәйкес қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде міндетті түрде жазбаша екі дана жеке еңбек шарты жасалады. Содан кейін оның бір данасы қызметкерге беріледі. ЖЕШ жасалған соң жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдағаны туралы бұйрық шығарды да, онымен танысқаны жөнінде қызметкердің қолын қойдырып алады. ЖЕШ-ке отыру күні мен бұйрық шыққан күн сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ бұйрықта сіз жұмысқа шығатын күн мен ЖЕШ-те көрсетілген күнмен сәйкес келуі керек. Жұмысқа қабылдаудың осы ережесі журналистерге, операторларға, тілшілерге де сақталады. Тек журналистер үшін бір ерекшелігі – ол айына(аптасына) қанша материал өткізетіні, оның бағасы, қаламақының көлемі көрсетілуі мүмкін. Бірақ бұл екі жақтың – жұмыс беруші мен журналистің қалай өзара келісетініне байланысты.

4. Журналисті қандай себептермен жұмысқа алмауы мүмкін?

Адамды жұмыс (мамандық) стажың жоқ деп жұмысқа алмауы – заңсыз. ҚР Конституциясының 24-бабы әркімнің еңбек ету құқығына кепілдік береді.

Ал ҚР «Еңбек туралы» заңының 4-бабы 1-тармағында «Әркім өзінің еңбек құқығын жүзеге асырғанда бірдей мүмкіндікке ие» деп жазылған. Оның үстіне жұмыс берушінің содан кейін де жұмысшыны оның кәсіби қабілеті мен еңбегінің нәтижесіне қарап бағалауға мүмкіндігі бар.

Және де кәсіби тәжірибесі жоқ деген – оның іскерлік қабілеті жоқ немесе еңбек нәтижесі міндетті түрде жаман болады дегенді әсте білдірмейді. Сондықтан да ҚР «Еңбек туралы» заңның 15-бабы жаңадан жұмысқа кірген қызметкерге сынақ мерзімін белгілеп отыр. Сынақ мерзімі үш айдан артық созылмайды. Үш ай мерзім жұмыс берушіге жаңа адамның қызметке қаншалықты сәйкес келетінін, сондай-ақ жас маман да ұсынылған шарттардың өзіне қаншалықты тиімді екенін бағалауға толық жетеді деп ойлаймыз.

5. Редакцияда кім басшы – бас редактор ма, әлде бас директор ма?

Бас редакторы да, бас директоры да бар редакцияларда қаржы жағынан бас директор басқарады. Және редакция бойынша барлық бұйрықтар соның «қолымен» шығады, қызметкермен Жеке еңбек шартты да сол жасайды.

6. Журналистерді жұмыс уақытынан тыс, демалыс, мейрам күндері жұмыс істетуге бола ма?

Жалпы ереже бойынша, мереке күндері үздіксіз өндірістен басқа еш жер жұмыс істемейді (ҚР «Еңбек туралы» заңының 58-бабы). Ал редакция үздіксіз өндіріс орнына жатпайды. Егер редакция басшылығы мереке күні жұмыс істеткісі елсе, онда ол бұл туралы бұйрық шығарып, сол жерде мереке күнгі еңбекақы қандай көлемде төленетіні туралы айтылуы керек. ҚР «Еңбек туралы» заңының 73-бабында жазылған ережелерге сәйкес: мереке күндері жұмыс жай күндері төленетін еңбекақыдан кемінде екі еседен жоғары болуы керек. Жұмысқа шығар алдында журналистерді сол бұйрықпен қол қойдырып таныстыру керек. Алайда кез келген журналист мереке күндері жұмыс істеуден бас  тартуына болады.

7. Журналистің  материалдық жауапкершілігі қалай анықталады (БАҚ-тың аппаратурасы мен мүлкіне зиян келтірген жағдайда)?

Жұмысшының кінәсінен жұмыс берушіге (мүлкіне) зиян келтірілсе, ол үшін жұмысшы материалдық жауапкершілікке тартылады. Жоғарыда аталған заңның 91-бабында сондай материалдық жауапкершіліктің толық тізімі келтірілген:

  1. Жұмысшы оған тапсырылып берген мүлік пен басқа да құндылықтар үшін материалдық жауапкершілікті толық өз мойнына алатыны жөнінде шартқа қол қойғанда;
  2. Еңбек заңдарына сәйкес жұмысшы қызмет міндеттерін атқару барысында жұмыс берушіге зиян келтіргені үшін толық материалды жауапты;
  3. Жұмысшы арақ ішіп немесе есірткіге, я болмаса, токсикоманиялық түрде мас болып зиян тигізсе;
  4. Жұмысшыға қызмет бабымен пайдалануға берілген материалдардың, жартылай фабрикаттардың, өнімдердің, сондай-ақ құралдардың, өлшеу приборларының, арнайы киімдер мен басқа да заттардың жетіспеуі немесе әдейілеп жоғалтып жіберуі, болмаса оларды дайындап жатқанда әдейі бүлдіруі, зиян тигізгенде;
  5. Коммерциялық құпияны ашып қойғанда;
  6. Қылмыстық жазалауға жататын іс-әрекеттің кесірінен келтірген зиян;

Бірақ ең бастысы – толық немесе жартылай жауапкершілік жұмысшының кінәсіне қарап анықталады.

Жалғасы бар...

Материалды дайындау барысында "Жүз жағдай - жүз кеңес" жинағы пайдаланылды.

Суреттер: lovim.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

18129 5
Рейтинг: +8

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 22 сәуір 2013, 14:39
Пікірлер
+0
22 сәуір 2013, 14:11

Адамды жұмыс (мамандық) стажың жоқ деп жұмысқа алмауы – заңсыз. ҚР Конституциясының 24-бабы әркімнің еңбек ету құқығына кепілдік береді. :!:

+0
22 сәуір 2013, 14:29

Дұрыс кеңестер екен)

+0
22 сәуір 2013, 14:57

Жақсы кеңестер

+0
22 сәуір 2013, 15:16

Көп рахмеет!

+0
23 сәуір 2013, 11:06

өте пайдалы

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...